• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:05:10
Алматы
+35°

04 Желтоқсан, 2017 Ғылым-білім

Жарыспалы аударма методикасы және технологиясы

Ең керекті 100 кітап аудару тапсырмасы берілді

Бұл мақалада бүгінгі таңда кең қолданыстағы жарысапалы аударманың методикасы және технологиясы сөз болады. Аударманың түрлері және оның ерекшелігі де айтылады. Ауызша аудармада баяндамашының мақаласының қысқартылған, нақтылы сөйлейтін сөзінің (发言稿) жазбаша нұсқасының жарыспалы синхронды аударма барысындағы маңыздылығы турасында сөз болады.

Елбасының "Рухани жаңғыру "болашаққа бағдар" атты мақаласында аударма туралы арнаулы тоқтады, қазақ қоғамында аударманың ауадай қажет екенін баса айтты, ең керекті 100 кітап аудару тапсырмасы берілді. 

Жұмыр жер бетіне 6 миллардтан астам адам баласы өмір сүреді, олар мемлекет, ұлт, ұлыс, отбасы болып қауымдасып өмір сүретіні ешкімге жасырын емес, бір ұлт пен екінші ұлт ежелден қалыптасқан өздерінің өмірі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ғылымы, әдет-ғұрпы, т.б жағынан бір- бірінен үйреніп, бірінің артықшылығын бірі қабылдап, ортақ дамып келе жатқаны жалпыға аян. Дәл осы тұрғыдан қарағанда адамзат мәдениетінің тарихы мен дамуын аударма қызметінсіз көз алдыға елестету мүмкін емес. Бұрын-соңды өткен ғалымдар мен зерттеушілер аударма жұмысын адамзат мәдениетінің алтын көпірі деп бағалаған. Әйтсе, аударма дегеніміз бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге дәл әрі толық сол ұлттың сөз жасам заңдылығы бойынша қайталай бейнелейтін тілдік өнер. Аударма барысында сөз-сөйлемдерді лексикалық және грамматикалық жағынан дұрыс түсініп аудару және аударма шеберлігіне қатысты білімдерді қалай игеру жөніндегі мәселелерге үлкен көңіл бөлуіміз керек. Ал аудармашы аударма теориясы негізінде, практика барысында кездесетін әртүрлі нақтылы мәселелерді жан-жақтылы дұрыс шешу керек. Аударма екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктеріне қатар сақталады. Әрқандай шығарма мазмұн, форма, стиль сынды үш түрлі фактордан құралады. Түпнұсқаның мазмұнын, стилін аударылған тілде дәл бейнелу керек, ол үшін түп нұсқадағы мазмұнға адал болу, аударылған аударма түсінікті, ұғынықты болу, түп нұсқаның стилін сақтау шарт, міне бұлар аударма өлшемі. Ал аудармашы аударып отырған ұлт пен аударылып отырған ұлттың тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін, дінін, этнографиясын, салт-дәстүрін, арман-тілегін, ұлт мұратын толық меңгеру, сонымен бірге екі ұлттың ойлау тәсілін, тілдік заңдылықтарын, сөз жасам ережелерін, грамматикалық қағидаларын, сөз арқылы бейнелу тәсілдерін білуі шарт. Жинақтап айтқанда қытай-қазақ тілдері бойынша аударма жасайтын аудармашы болған адам, қытайдан өткен қытай, қазақтан өткен қазақ болуы шарт, демек ол екі ұлт болып жасаған міндетті, қытайдың арсында қытайға сіңуі, қазақтың арасында қазаққа сіңуі керек, сонда ғана ол өзі аударатын дүние жөнінде еркін құлаш сермей алады. Қытай-қазақ тіліндегі сөйлемдердің рет-тәртібі ауысқан сөздерді ажырата білу, синонимдерді таңдай алу, күрделі құрмалас сөйлемдерде сөйлемнің негізгі үш мүшесі бастауыш, баяндауыш, толықтауышты танып білу, сол арқылы аударманың желісін табуы шарт, осылай адаспай түп нұсқаға адал болып автордың айтқанын аударылған ұлттың тіліндегі сөз жасам және ойлау заңдылығымен анық түсінікті бейнелеп беру міне бұл аудармашыға қойылатын талаптар. /1./

Аударма түрліше тұрғыдан төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  1. Аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа аудару, өзге тілден өз тіліне аудару деп екі түрге бөлінеді. Аударма барысында ана тілден басқа тілге аудару біршама қиын болады. Өйткені аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілдегі бейнелеу қабілеті өз тіліндегідей болмайды. Сондықтан да екі тілге бірдей жеттік аудара білу нағыз аудармашының ғана қолынан келеді./2/
  2. Аударма материалдық өзгешеліктеріне қарай саяси–ақпарт аудармасы, көркем әдебиет аудармасы, ғылыми(филологиялық, тарих, экономикалық, дипломатиялық, медциналық, заң, т.т) мәтіндер аудармасы, техникалық мәтіндер аудармасы және іс-қағаздар аударамасы болып бөлінеді. Жанрлардың ерекшеліктеріне қарай оларға қойылатын талап та, аударуда түрліше болады. Бұның ішінде көркем әдебиет аудармасы аудармашының үлкен білімін де шеберлігін де қажет етеді. Көркем аударманы сәтті шығарудың негізгі бір жолы, өзі аударып отырған шығарманы жазған жазушының отбасылық жағдайын, өскен ортасын, алған тәрбиесін, діни ұстанымын, өмірге көзқарасын, шығармашылықа оны алып келген қоғамдық жағдайларын, дәл осы қолыңыздағы шығарманы жазуға түрткі болған қоғамдық, тарихи жағдайды жақсылап білуі, сіздің тамаша аударма жасауыңызға көп көмегін тигізеді. Ал ғылыми мәтіндер мен техникалық мәтіндер аудармасы нақты кәсіптік білімді аудармашыдан талап етеді, Қытай тілінде әрбір саланың терминдері өте күшті ұлттық сипатта бейнеленеді. Сондықтан да әрбір аудармашы ең алдымен өзі аударатын дүниеге қанық болуы, кәсіптік білім деңгейі жоғары болуы, түпнұсұаның мазмұнына, ерекшелігіне баса назар аударуы шарт. /3/
  3. Аударылатын материалдардың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы «толық аудару, бөліп аудару, мазмұнды анализ жасап аудару, құрап аудару, құрастырып аудару» деп бөлінеді. Бастан – аяқ түгел аударуды толық аудару дейміз. Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін ғана аудару бөліп аудару деп аталады. Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып аудару мазмұнды анализ жасап аудару делінеді. Толық мәтіннің әр бөлектерін ғана аударып, оны бір-біріне тіркеп аудару құрап аудару делінеді. Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, ары қарай сол ойды дамыта жазу құрастырып аудару болып табылады. Бөліп аудару, мазмұнды анализ жасап аудару, құрап аудару, құрастырып аудару дегендер әдетте ерекше бір қажетке қарай болады. Ғылыми жұмыс жазғанда, белгілі бір техниканы қолданғанда оның түсіндермесін аударғанда, дәрі-дәрмекті пайдаланғанда жиі қолданылатын аударма түрлері осылар болмақ./2/
  4. Аударма жұмысы тәсіліне қарай жазбаша мен ауызша аударма болып бөлінеді. Жазбаша аударма мен ауызша аударманың екеуінің де өзіне тән қиыншылықтары мен жеңілдіктері бар. Жазбаша аудару аударушыдан мол білімді, қалам қуатының күшті болуын, мазмұнды дәл бейнелеп беруді, көбірек ойланып – толғануды қажет етеді. Түпнұсқаға адал бола отырып, мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бойұсынуға міндетті болады. Сөз – сөйлемге, граматикаға, нақтылыққа, логикаға, емлеге баса көңіл бөлінеді. Ауызша аудармаға қарағанда сөздіктерден пайдалану, қайта – қайта қарап тексеріп шығу, өзгерту мүмкіндігі бар. Ал ауызша аудармада аударушыдан тез түсініп, қолма – қол аудару талап етіледі. Бірақ, сөйлеушінің стилін сақтауға, нақтылыққа, жинақтылыққа ерекше жоғары шарт қойылады. Бейнелеу жағында көп еркіндікке ие болады. Бір сөзді, бір мазмұнды бірнеше түрлі синонимдермен ауыстырып аудара алады. Оның есесіне оларда түсінбей қалған сөздерді біреуден сұрауға, сөздіктерді пайдалануға мүмкіндігі болмайды. /2/

      Қазақшаны қытайшаға аударғанда қытай тілі түбір тұлғалы, мағыналы ироглифтермен бейнеленетіндіктен көбінде мағыналық аударма жасауға тура келеді, ал қытайшаны қазақшаға аударғанда қазақ халықының ойшыл, айтар ойын астарлап жеткізетін ерекшелігін ескеріп, образды аударма жасаймыз.  Кейінгі кездері электрондық аударма да қолданыста, алайда ол аударманың дәлдігінен қатесі көп екенін уақыт көрсетуде, бүгінгі гугль (google), онлайн (online) аудармалары аударма үдесінен шықпайды, мысалға, Айгүл деген адам атын (ай月+гүл花), Арман деген кісі атын (理想) деп, оның аты кім дегенді (他的马是谁) аударма жасайды.   

      Бүкіл әлем жұрты шағын елді мекенге айналған бұл таңда, халықаралық қатынастар күн санап күшейуде, ғылым – техниканың да қарыштап алға басуына байланысты жаңа атау-терминдер көбейді, аударманы қиндатуда, әйтседе оған қарамастан аудармада заман ағымына қарай дамып барады. Егемендік алған жылдардан бері ел басның және басқада тұлғалардың шетелде жасаған сапарлары, шетелдік компаниялардың бізге келуі бәр-бәрі аудармасыз болмайды, сонымен елімізде жиі-жиі болып отыратын, үлкенді кішілі халықаралық форумдар мен жиналыстардың барлығы аударма қызметіне жүгінеді. Осы қажет үшін көбінеде жарыспалы синхронды аударма қолданылады. Біздің осы мақаламыздың негізгі жүгіде осы түрдегі аударма туралы. Егемендіктен бұрын біздің көп халықаралық байланыстарымыз Орыс және ТМД көлемінде болғандықтан, ортақ орыс тілінде жұмыс жүрді, сол себепті аударма қызметі қажет болған жоқ, сондықтан біздің қоғамда тек көркем әдебиеттегі жазбаша аударма ғана орын алды. Алайда егемендік алғалы 26 жыл болсада, бізде әлі күнге дейін аударма жұмысына салғырт қарау бар. Біріншіден күні бүгінге дейін ұлттық сананың әлсіздігінен өз ана тілімізде іс-қағаздардың жүрмеуі, жиналыстардың өзге тілде өтуі, халқымыздың тілдік бейімділігі әлі орыс тілінде.  Екінішіден аударманы мамандық ретінде қолға алынбауы, аудармашы аударған дүниесін жариялайтын арнаулы газет-журнал жоқ, бірде-екілі журналдарды қосымша аударма басады, алайда олардың өзі тұпнұсқамен салғастыра отырып  аударманың дәлдігін тексеріп ала алмайды, маман жоқтың қасы, әсіресе шығыс тілдерінде. Аударған кітабыңды өзің қаржыландырып шығармасың, аударма аясында ғылыми жобалар өте аз, қарапайым аудармашыға қол жетімді емес.

Үшіншіден Арнаулы аудармашылар жетістіретін оқу орындары не орталықтар жоқтың қасы. Жоғары оқу орындарында аударма мамандығы болғанымен оның өндірістік базасы жоқ, теориялық біліммен шектеледі. Студенттер тек филологиялық бағыттағы жазбаша мәтін аударады, сонымен бірге өзге тілді ана тілге аударма жасайды. Одан арыға студенттің 11 жылдықтан кейін алған білімі шығыс тілдерінде еш жетпейді, синхронды жарыспалы аудармада практика жасайтын заманауи құрылғы, жабдықтар оқу орнында пайдалануға берілмеген. Сонымен бірге әр сала бойынша аударма жасауға арналған атау-терминдер сөздігі мен оқулықтар мүлде жоқ. Бір маман барлық саланың атау-терминдерін меңгеруде мүмкін емес нәрсе. Бізде оған қарамастан “жүріңіз дәл қазір аударма жасаңыз”- деп лекция оқып шаршап отырған оқытушыны бірден жұлып алып аудармаға салады, ол тек филологиялық бағытта білім алған маман, оның үстіне оның ауызша аудармадан практикасы аз, синхронды аударманың әдісі мен қыр-сырын меңгермеген, тек сол тілде сөйлегеніне біз аудармашы деп білеміз. Негізінде аудармашы өз әлемінде үздіксіз ізденісте жүруі, бастапқы екі жыл сақа үлкен аудармашының жанында көмекші болып, толық пісіп-жетілуі керек емес пе, жоғарыда біз айтқан аудармашыға қойылатын тапардың үдесінен шығуда аударманың жағдайы бізде мәз емес. Аудармашы әуелі аударатын саласының атау-терминдерін толық білуі керек, тым болмағанда аудармашыға баяндама жасайтын ғалым(баяндамашы)ның мақаласының жазбаша толық нұсқасын алдына ала, бір жеті бұрын беру керек, сосын аудармашы ондағы атау-терминдар бойынша жұмыс жасауы тиіс, сөздік ақтарып, қатысты кітаптардан түсіндірмелерін іздеуі керек. Баяндамашы ұзын-сонар баяндамасын уақыт шектелігімен толық айтпайтын өзіде біледі, сондықтан өзіне дайындаған сөйлейтін сөзі, яғни қысқартылған нақтылы жазбаша нұсқасы болады, соны аудармашыға мақаласымен қосып алын ала беру аса маңызды. сонда ғана аудармашы қиналмай ілесіп аударма жасайды. Алайда көп баяндамашы сөйлейтін сөзінен да алқып, шеттеп басқа жаққа барып та келеді, деседе ол қатты ұзамайды, ұзасада мақаласының толық мәтініне кіреді. Сондықтан аудармашының қолындағы біз атаған екі материял көп көмегін тигізеді. Бізде аударма енді қалыптасу үстінде болғандықтан бұл жұмыстар өте шала жүргізіледі, тіпті аудармада арнаға түскен “сөйлейтін сөзі” (发言稿) деген терминді білмейді, халықаралық форумдар өткізгенде оны алдын ала баяндамашыдан сұрамайды, көбінде шетелдік баяндамашы оның жазбаша нұсқасын мақаласымен қосып бірге жіберседе, ұйымдастырушылар оны аудармашының қолына жеткізбейді, аударма жұмысы басталғанда аудармашының өзі шетелдік қонақтардың мазасын алып сөйлейтін сөзінің жазбаша нұсқасын сұрап ұятқа қалады. Сонымен бірге бүгінгі таңда жалқы есімдердің аудармасы бірнеше түрлі аударылады, бұның өзі аудармашыға аса үлкен қиындық туғызады. Мысалға төмендегі кестеге назар салайық:

Қытай ироглифі

Қытайша пиң ин

Латынша дыбысталуы бойынша бейнелуі

Орысша дыбысталумен бейнелені

Қазақша аудармасы

毛泽东

Mao Zidong

May zi dong

Мау Цзэ дун

Мау Зыдұң

邓小平

Deng Xiao ping

Deng xiao ping

Дэн Сяопин

Дың Шияупиң

胡锦涛

Hu Jintao

Hu Jintao

Ху Цзиньтао

Ху Жинтау

习近平

Xi Jinping

Xi Jinping

Си Цзиньпин

Ши Жинпиң

李白

Li Bai

Li Bai

Ли бо

Ли Бай

白居易

Bai Juyi

Bai Juyi

Бай-Цзүй,и

Бай Жүйи

鲁迅

Lu Xun

Lu Xun

Лу Синь

Лу Шүн

巴金

Ba Jin

Ba Jin

Ба Цзинь

Ба Жин

北京

Bei jing

Bei jing

Пекин[6]

Бей  Жиң

南京

Nan jing

Nan jing

Нанкин

Нан Жиң

广州

Guang zhou

Guang zhou

Гуанчжоу

Гуаң Жоу

新疆

Xin jiang

Xinjiang

Синьцзян

Шин Жияң

电脑

Dian nao

Kam piu tor

Компьютер

Электорнды мишық

手机

Shou ji

Sotki

Стови телефон

Қолфон

史记

Shi ji

Shi ji

Ши цзи

Тарихнама

汉书

Han shu

Han shy

Хань шу

Ханнама

后汉书

Hou han shu

Hou han shy

Хоу хань шу

Соңғы Ханнама

三国志

San guo zhi

San guo zhi

Sан гочжи

Үш патышалық шежресі

晋书

Jin shu

Jin shy

"Цзинь шу"

Жин патышалығының тарихы

宋书

Song shu

Song shu

Сун шу

Суң патышалығының тарихы

南齐书

Nan qi shu

Nan qi shy

Наньчи шу

Оңтүстік Чи патышалығының тарихы

梁书

Liang shu

Liang shy

Лян шу

Лияң патышалығының тарихы

陈书

Chen shu

Chen shy

Чэньшу

Чын кітабы

魏书

Wei shu

Wei shy

"Вэй шу"

Уй патышалығының тарихы

北齐书

Bei qi shu

Bei qi shy

Бей чишу

Солтүстік Чи  патышалығының тарихы

周书

houshu

houshy

Чжоушу

Жоу тарихы

隋书

Sui shu

Sui shy

Суйшу

Суй дәуірі тарихы

南史

Nan shi

Nan shi

Нань ши

Оңтүстік патышалық тарихы

北史

Bei shi

Bei shi

Бей ши

Терістік патышалық тарихы

旧唐书

Ju tang shu

Ju tang shy

Цзю тан шу

Ескі Таң кезеңінің тарихы

新唐书

Xin tang shu

Xin tang shy

Син тан шу

Жаңа таң дәуірі трихы

旧五代史

Jiu wu dai shi

Jiu wu dai shi

Цзю у дай ши

Ескі бес патышалық тарихы

新五代史

Xin wu dai shi

Xin wu dai shi

Син у дай ши

Жаңа бес патышалық тарихы

宋史

Song shi

Song shi

Сун ши

Суң патышалығының  тарихы

辽史

Liao shi

Liao shi

Лиуши

Лияу патышалығының  тарихы

金史

Jin shi

Jin shi

Цзин ши

Жин дәуірінің тарихы

元史

Yuan shi

Yuan shi

Юань ши

Юан патышалығының тарихы

明史

Ming shi

Ming shi

Мин ши

Миң патышалығының тарихы

西域传

Xi you zhuan

Xi you zhuan

Сиюй туралы баян

Батыс өңір тарихы

高车传

Gao che zhuan

Gao che zhuan

Гаочэ (Гаугюй) баяны

Шенеуліктер көлігі аңызы

铁勒传

Tie lu zhuan

Tie lu zhuan

Еулэ баяны

Тие лужун аңызы

突厥传

Tu jue zhuan

Tu jue zhuan

Туцзюе баяны

 

Түрік тарихы

回鹘传

Hui he zhuan

Hui he zhuan

Хуэйгу (Хуэйхэ) баяны

Дүңгендер тарихы

大唐西域记

Da tang xi yu

Da tang xi yu

Да тан Сиюй цзи

Таң патышалығы және бастыс өңір тарихы

杜環经行记

Du huang jing xing ji

Du huang  jing xing ji

Ду Хуань Си син цзи

 

Ду хуан сапары жазбалары

贾耽四道记

Jia dan si dao ji

Jia dan si dao ji

Цзя Дан сы дао цзи

Жия данның  төрт жолы

西游录

Xi you lu

Xi you lu

Си ю лу

 

Батысқа саяхат естелігі

北使记

Bei shiji

Bei shiji

вэй ши цзи

 

Терістік елшісінің жазбалары

西域行程记

Xi yu xing cheng ji

Xi yu xing cheng ji

 Сиюй син чэнь цзи

 

Батыс өңір сапар естелігі

西域图志

Xi yu tu zhi

Xi yu tu zhi

Сиюй ту чжи

 

Батыс өңір сурет шежіресі

西域水道记

Xi yu tu dao ji

Xi yu tu dao ji

Сиюй шуй дау цзи

Батыс өңір су жолы

新疆识略

Xin jiang shi lue

Xin jiang shi lue

 Шынжаң ши люе

 

Шин жияңтану

Демек біздегі атау-терминдердің сан алуандығы аудармашыға ауыр жүк. Мақала соңында айтарымыз осы салада қалам тербеп жүрген аудармашы, ғалымдардың, қатысты үкіметтік мекемелердің, жоғары оқу орындарының мойнындағы кезек күттірмейтін маңызды шаруа болмақ.

Абдурақын Н, Әл-фараби атындағы Қазақ-ұлттық унверситеті,

шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының аға оқытушысы,

PhD доктор

 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір