• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:11:20
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Жақсылық жасаймын деп мектептен қуылған оқушы қыз ісіне өкінбейді

Ұлыбритания мектептерінің бірінде шашын таз қылған қызды сабақтан шығарып жіберген.

Ұлыбритания мектептерінің бірінде шашын таз қылған қызды сабақтан шығарып жіберген.

14 жастағы Ниам Болдуин Little Princess Trust қайырымдылық ұйымы үшін өзінің шашын құрбан етті. Ұйым қатерлі ісікке шалдыққан балаларға жасанды шаш жасайды. Балаларға көмектесемін деген бойжеткеннің ниетін мектеп басшылығы дұрыс түсінбеген сыңайлы, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Басшылықтың айтуынша, қыздың бұл әрекеті мектеп тәртібін бұзады, сол себепті өз шашы өскенше жасанды шаш тағуын талап еткен.

Қыздың анасы мектептің бұл шешіміне наразылығына білдірді.

Мектеп директоры «Болдуин мектеп тәртібін жақсы білген, бірақ сонда да қарсы шыққан» дейді. Қыздың отбасы да осы мәселе турасында мектеп басшылығымен ақылдасуды жөн көрмеген.

Алайда мектеп басшылығы қыздың бұдан бұрын мұғалімдермен ешқашан жанжалға түспегенін ескеріп, істі қайта қарауға уәде берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір