• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:26:00
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2018 Спорт

Жапониялық Юдзуру Ханю - мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы атанды

Пхенчхан олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сында жапониялық Юдзуру Ханю жеңіске жетті.

Пхенчхан олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сында жапониялық Юдзуру Ханю жеңіске жетті. Ол қос бағдарлама қорытындысы бойынша 317,85 ұпай жинады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Күмісті тағы бір жапониялық Шомо Уно алды - 306,90. Ал қола медальды испаниялық Хавьер Эрнандес иеленді - 305,24. Қазақстандық Денис Тен 27-орыннан аса алмады.

Ханю 2014 жылы Сочи олимпиадасында да чемпион атанған. Төрт жыл бұрын қос бағдарлама бойынша 280,09 ұпай жинаған. Күмісті канадалық Патрик Чан (275,62), қоланы қазақстандық Денис Тен (255,10) алған еді.

Пхенчхан олимпиадасы 25 ақпанда аяқталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір