• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:04:34
Алматы
+35°

24 Маусым, 2018 Әлеумет

Жапонияда жер сілкінісінен жеті мыңдай үй қирап қалды

Табиғи апаттың зардабын жою штабының дерегі бойынша, мұндай бүлінулер 16 қала мен кентте тіркелген.

Жапонияның Осака префектурасында 18 маусымда болған жер сілкінісі салдарынан 6700 тұрғын үй мен шаруашылық құрылымдары зақымданған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі NHK-ға сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің магнитудасы — 6,1. Зардап шеккен үйлердің басым бөлігі 1980 жылдары салынған. 

 Сондай-ақ, апат болған аймақта осы уақытқа дейін 8,5 мың пәтер мен жеке үйлерде газ өшірулі тұр. Жер сілкінісінен кейін олардың саны 110 мың болды. Толықтай газбен жабдықтау 25 маусымда қалпына келтіріледі деп жоспарлануда.

Жер сілкінісінен  Осака префектурасының солтүстігінде бес адам қаза тауып, 350 тұрғын түрлі жарақат алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір