• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:31:40
Алматы
+35°

02 Маусым, 2017 NEWS

Жапонияда императордың тақтан бас тартуы туралы заң қабылданды

Жапонияда император Акихитоның тақтан бас тартуы туралы арнайы заң қабылданды. Құжатқа сәйкес, тақ оның үлкен ұлы, мұрагер ханзада Нарухитоға беріледі, деп...

Жапонияда император Акихитоның тақтан бас тартуы туралы арнайы заң қабылданды. Құжатқа сәйкес, тақ оның үлкен ұлы, мұрагер ханзада Нарухитоға беріледі, деп жазады kazinform.kz. Заң жобасын ел парламентінің төменгі палатасы мақұлдады. Либерал-демократиялық партияның көпшілік депутаттары құжатты қолдап дауыс берсе, бірқатар оппозицияның, соның ішінде демократиялық партияның өкілдері қолдамайтындығын білдірді. Енді бұл заң жобасы парламенттің жоғары палатасына қаралуға жіберіледі.

Ол маусым айының ортасына дейін жалғасатын ағымдағы сессия барысында қабылданады деп күтілуде. Тақтан бас тарту заң қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде өтуі тиіс. Жапон баспасөзінің дерегі бойынша, ол 2018 жылдың желтоқсан айында болуы мүмкін. БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, Акихито тақтан бас тартқаннан кейін «Ұлы мәртебелі» титулын, мемлекеттік қамсыздандыру мен басқа да жеңілдіктерді сақтап қалады. Акихито 1933 жылдың 23 желтоқсан күні дүниеге келген. Ол әлемдегі ең ежелгі монарх әулетінің өкілі болып саналады.


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір