• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 16:52:36
Алматы
+35°

07 Шілде, 2017 Әлеумет

Жапонияда толассыз жаңбырдың салдарынан лай көшкіні жүрді

Жапонияның Кюсю аралында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан лай көшкіні жүріп, 6 адамның өмірін қиды. Сегіз адам жараланды деп хабарлайды

Жапонияның Кюсю аралында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан лай көшкіні жүріп, 6 адамның өмірін қиды. Сегіз адам жараланды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жапония үкіметі елдің оңтүстік-шығысындағы жағдайды төтенше деп бағалайды. Оқиға орнында 7,5 мың өзін-өзі қорғау қызметі, полиция және өрт қызметі жұмылдырылды. 556 Кюсю тұрғынын қауіпсіз жерге көшіру туралы бұйрық шықты.

Түрлі деректерге сай, 500-ге тарта адам жолды су басуына орай ешқайда кете алмаған.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір