• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:09:45
Алматы
+35°

17 Қараша, 2017 Әлем

Жапония премьер-министрі: КХДР-дің саясатын өзгертуге күш салуымыз керек

Жапония премьер-министрі Корей жарты аралындағы КХДР-дың зымырандық және ядролық бағдарламасының ушығуына алаңдаулы екенін жеткізді.

Жапония КХДР-ға қатысты Ресей және Қытаймен тығыз қатынаста болуды көздейді. Бұл туралы премьер-министр Синдзо Абэ парламентте сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Біз зымырандық бағдарламаның мәселесін шешеміз. КХДР-дің саясатын өзгертуге күш салуымыз керек. Бұл үшін біз әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп Солтүстік Кореяға қатысты қысымды ретке келтіреміз. Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті барысында мен Ресей басшысы Владимир Путин және Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездестім. Өзге елдердің де басшылары болды. Біз КХДР-ға қатысты тығыз қарым-қатынасты орнатамыз деп шештік», - деді Абэ.

Сондай-ақ Жапония премьер-министрі Корей жарты аралындағы КХДР-дың зымырандық және ядролық бағдарламасының ушығып кеткеніне алаңдаулы екенін жеткізді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір