• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:43:29
Алматы
+35°

17 Наурыз, 2018 NEWS

Жансейіт Түймебаев Ұлттық ұлан жауынгерлерін қабылдады

Кездесу соңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ержүрек жауынгерлерді алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар тапсырды.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатовты және Ұлттық ұлан жауынгерлері: «Айбын» орденінің иегері аға лейтенант Ербол Отарбаев пен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің иегері Сырым Сүндетовты  ата-аналарымен бірге қабылдады.

Кездесу барысында өңір басшысы өңтүстіктен шыққан ер жауынгерлердің еңбегіне жоғары баға беріп, тәрбиелеп өсірген ата-аналарына ризашылығын білдірді және олардың ерлік  үлгісінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу керек екенін атап өтті.

Ұлттық ұлан

Өз кезегінде  сөз алған генерал-майор Мұхаметқали Сатов, өңірден шыққан жауынгерлердің ерлік оқиғасы әскердегі тәрбие жұмыстарының өзегіне арқау болғанын атап өтті. Сондай-ақ кеше ғана қазақстандық кинотеатрларда кең прокатта көрсетіле бастаған Ұлттық ұлан жауынгерлерінің батылдығы мен қайсарлығын баяндайтын  «Алтыншы бекет» көркем фильмі туралы сөз қозғап,   оның жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу жұмысында ойып орын алатынын тілге тиек етті.

Ұлттық ұлан

Кездесу соңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ержүрек жауынгерлерді алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар тапсырды. Ал, батырлардың ата-аналарына қазақы дәстүрмен шапан жауып, қамзол кигізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір