• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:04:04
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Аймақтар

Жансейіт Түймебаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасымен кездесті

Басқосуда аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовпен кездесті.  Басқосуда аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар компанияның әлеуметтік нысандарын Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру мәселелерін талқылады.

Облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы кәсіпорындар сол өңірдің  әлеуметтік-экономикалық ахуалына ұдайы қолдау көрсетуі керектігін айтты.

«Қазатомөнеркәсіп шағын және орта бизнестің 80-нен астам өкілін тапсырыспен қамтамасыз ету арқылы отандық тауар өндірушілерге белсенді қолдау көрсетіп келеді. 2017-2018 жылдары компания облыс кәсіпкерлерімен 101,6 млрд. теңгеге түрлі келісімшарт жасады. Осы екіжақты ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймын. Сондай-ақ, кәсіпорындар өздері орналасқан Созақ ауданындағы әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне атсалысып тұруы қажет», - деді облыс әкімі.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов ұлттық атом компаниясы аймақты дамыту, тұрғындардың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыру бойынша өз міндеттемелерін толық орындап отырғанын жеткізді.

Айта кетерлігі, Компанияның 2017 жылдағы салық төлемдерінің жалпы сомасы 73 млрд. теңгеден асқан болса, соның 8,2 млрд. теңгесі Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне аударылған. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімнің шарттарына сәйкес, былтыр аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін облыс бюджетіне 873 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір