• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:44:11
Алматы
+35°

Бүгін Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті. Оған облыс әкімі Амандық Баталов, қоғамдық ұйым өкілдері, репрессияға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызмет.

Митингіні ескерткіш-мемориалға гүл қоюдан бастаған облыс әкімі Амандық Баталов көпшілік алдында баяндама оқып, 31 мамыр ел тарихындағы ең бір азалы күндердің бірі екеніне тоқталды.

– Жыл сайын осы күні ел тәуелсіздігі үшін күрескен, ұлтымыздың біртуар, аяулы ұл-қыздарын, жазықсыз жапа шеккен құрбандарды еске аламыз. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары қанша уақыт өтсе де тоқталмауы тиіс. Біз Елбасының «Рухани жаңғыруә бағдарламасы аясында жазықсық құрбан болған бабалардың рухына арнап, Жаңалық ауылында музей салуды ұйғарып, биыл құрылысын бастадық. Музейдің экспозициялық залында ұлт қайраткерлері туралы материалдар қойылып, осы жерде жерленген саяси қуғын-сүргін құрбандарының аты-жөндері тас тақтаға ойылып жазылатын болады, – деді А. Баталов.

Жаңалықтағы ескерткіш
Республикалық қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы қазақ жерінде әр кезеңде түрлі сипатта орын алған нәубеттердің тарихына, оның залалы мен болашақ үшін сол қаралы тарихты білудің маңызына тоқталды.

Саяси қуғын-сүргін құрбаны, ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров әкесіне арнаған жүрекжарды өлеңін оқыды.

Мұхаметжан Тынышбай
Содан кейін «Әділет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғарифолла Әнес сөз сөйледі. Ол осыдан 20 жыл бұрын «Әділет» қоғамдық бірлестігіне осы аумақтан 17 гектар жер берілгенін, сол жерге музей салу туралы арманы биыл жүзеге асқанын айтып, облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

– Қазақстанның ең бір киелі жерінде тұрмыз. 4 150 адамның осы жерде сүйегі жатыр. Бұдан артық қандай қайғы-қасірет болуы мүмкін, бұдан артық қандай киелі жер болуы мүмкін! Осы тұрған бәріміз де жылда осы жерге келіп, аза тұтуға жазсын, – деді ғалым.

Жиналғандар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, екерткішке гүл қойды.

Ескерткішке гүл қою

Боздақтарға құран бағышталып, ас берілді.

Айта кетейік, Жаңалық ауылында салынып жатқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейдің жалпы аумағы – 535 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарына 288 млн. теңге бөлінген. Мердігер компания – «Нұр-Шапағат» ЖШС. Құрылыс жұмыстары биыл наурыз айында басталған.

Erkebulan Nurekesh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір