• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:18:47
+35°

04 Шілде, 2018 Саясат

«Жаңа Қазақстан» мүшелері қаржыны қайдан алатынын айтты

Әміржан Қосановтың айтуынша, ақша шағын және орта бизнестен түседі.

«Жаңа Қазақстан» форумы алғаш ашылып, Брюссельге барып қайтқанда көпшілікті алаңдатқан бір сауал болды: «Бұлар ақшаны қайдан алады?». Бүгінгі баспасөз мәслихатында саясаткерлер осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Әміржан Қосановтың айтуынша, ақша шағын және орта бизнестен түседі.

«Арқамызда тіреп тұрған ешқандай олигарх жоқ», - деп ашық айтты Қосанов.

Өз кезегінде Расул Жұмалы осы уақытқа дейін болған мемлекеттік маңызды сапарлардың құнына тоқталды.

«Әр сапардың құны, ондағы жасалатын келісімдер, қарыз бен инвестициялар 5-10 млрд долларға дейін шығады. Мәселен, АҚШ-қа сапардың құны 7 млрд доллар болды. Ал біз соның сұрауын ұмытамыз. Ол – сіз бен біздің қаражатымыз. Оның маңызы, оның тағдыры, қайтарымы қандай болмақ? Ол қарызды ертең кім өтейді? Әрине, біздің ұрпақ. Неге осы сұрақтың жауаптарын іздемейміз?», - деді ол.

Айта кетейік, Алматыда "Жаңа Қазақстан" форумының баспасөз мәслихатын өтіп жатыр.  Форум барысында саясаткерлер АҚШ астанасы Вашингтонға сапарларының нәтижесін айтып берді. АҚШ-та ашаршылыққа баға беру, биліктің транзиті, парламенттік жүйеге ауысу мәселесі, сонымен қатар Қытайдағы қазақ мәселесі көтерілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір