• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:13:03
Алматы
+35°

04 Шілде, 2018 Саясат

"Жаңа Қазақстан" форумының баспасөз мәслихаты өтіп жатыр

Жиынның кіріспе сөзінде саястакер, форум мүшесі - Әміржан Қосанов Үкіметке Ашық хат жолдағандарын хабарлады.

"Жаңа Қазақстан" форумы Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. Форум барысында саясаткерлер АҚШ астанасы Вашингтонға сапарларының нәтижесін айтып берді.

Жиынның кіріспе сөзінде саястакер, форум мүшесі Әміржан Қосанов Үкіметке Ашық хат жолдағандарын хабарлады. Ашық хатта қытайлық 51 компанияның қызметі туралы сұрау салынған екен. Нақтырақ айтқанда, компаниялардың қызметі, экономикаға пайдасы, экологиялық зияны және жұмыс күшінің кімдерден құралатыны (қазақтардан немесе қытайлардан) сұралған. 

Форум мүшесі, саясаткер Расул Жұмалы АҚШ-тағы кездесулер жайлы толығырақ айтып берді.

"Бізбен бірге Америкада жүрген көрнекті азаматтарымыз – белгілі философ, саясаттанушы Уәлихан Түлешов, Калифорниядан келген Қанат Ибрагимов сынды жігіттер қосылып, кездесулер өткіздік. 10-15 шақты кездесу мен сұхбат болды. Ең негізгілері – АҚШ-тың конгресі мен сенаты, мемлекеттік департаменті, ұлттық қауіпсіздік кеңестері, бірталай ірі сараптамалық орталықтарындағы кездесулерді атап өтсе болады. New York Times сынды баспа өкілдерімен сұхбат болды. Кездесулер бір-бір жарым сағатқа созылды.

АҚШ – әлемдегі жетекші мемлекет. Біздің мақсат – әлемдегі сөзі жүретін, ықпалы бар елдерге "Жаңа Қазақстанның" сөзін жеткізу. Қазақстанда қатып қалған ресми пікір ғана емес, демократиялық жолмен, адам құқықтарын құрметтеу, оларды іске асыру, жаңа көзқарастың бары, қауіпсіздік, саяси, экономикалық тақырыптарды талқылау", - деді Расул Жұмалы.

Осы айдың аяғында саясаткерлер облыс аралауға шықпақ. Өңірлердегі халықпен кездесіп, форумның негізгі бағдарламасын жасауды жоспарлап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір