• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:29:52
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2018 Саясат

Жаңа министр Кәлетаевтың екі аптасы қалай өтті?

Екі апта ішінде екі мәрте Үкімет отырысына қатысты. Бірақ, әзірге Үкімет жиынында баяндама жасап үлгерген жоқ.

Дархан Кәлетаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалғанына тура 2 апта өтті. Екі апта ішінде екі мәрте Үкімет отырысына қатысты. Бірақ, әзірге Үкімет жиынында баяндама жасап үлгерген жоқ.

8 сәуір. Кәлетаевтың тағайындалуы Пасха мерекесіне тап келді. Сондықтан, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Православие діні – Қазақстанда дінге сенушілерінің саны бойынша исламнан кейінгі екінші діни бағыт болғандықтан, министр ретінде алғашқы жұмысын мереке иелерін құттықтаудан бастады.

9 сәуір. Пасхамен құттықтаған күннің ертесінде-ақ министр Дархан Кәлетаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесті. Кездесу барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, дінаралық келісімді нығайту және азаматтардың ар-ождан құқықтарын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Кәлетаев

11 сәуір. Қазақстан кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайыммен кездесті. Кездесу барысында азаматтық қоғам саласындағы уәкілетті органның және кәсіподақ ұйымдарының әлеуметтік серіктестікті дамыту бойынша өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Кәлетаев

13 сәуір. ҚР Мемлекетік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің ХХІ кеңейтілген отырысына қатысты. Осы шарадан кейін шымкенттік жас белсенділермен кездесу өткізіп, жастарды прагматизмге шақырды.

Кәлетаев

18 сәуір. Үкімет отырысынан кейін журналистерге алғашқы жұмыс күндері туралы айтып берді. Әзірге ешқандай кадрлық өзгерістер жасамағанын, сондай-ақ, 10 жылдай бұл саладан тысқары жүргенде көп дүниенің өзгергенін, ведомство ұжымының кәсібилігіне көңілі толатынын, алдағы ең маңызды жұмыс ретінде Мәжіліске енгізілген екі заң жобасын айтты.

Дереккөз: kazpolit.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір