• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:18:18
Алматы
+35°

26 Маусым, 2018 NEWS

Жаңа әліпбидің емле ережелері таяу уақытта дайын болады - А.Мұхамедиұлы

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жоспарына сәйкес жаңа міндеттер жүктелді

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жоспарына сәйкес жаңа міндеттер жүктелді. Бұл туралы Парламент Сенатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын іске асыру бойынша Министрлік бірқатар жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының аталған Жарлығы негізінде Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия және оның жанындағы жұмыс топтарының жоспарлары бекітілді.  Осы бағытта бірқатар шаралар қолға алынды», - деді министр.

Арыстан Мұхамедиұлының айтуынша, жаңа әліпбидің емле ережелері кең түрде талқыланып, оның тұжырымдамасы мақұлданды. Осы тұжырымдаманың негізінде  көпшілік қолданысына енетін емле ережелер таяу уақытта дайын болады.

«Бұл бағытта министрлік жанынан Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми тәжірбиелік орталығы құрылды. Орталықтың қызмет аясы кеңейіп, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жаңа міндеттер жүктелді», - деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт  министрі.

Бұл ретте инновациялық IT технологияларды қолдана отырып, балалар мен ересектерге арналған онлайн-қосымшалар, электрондық нұсқадағы оқу курстарын әзірлеу; латын графикасына мәтіндік қайта кодтаушыға арналған конвертер бағдарламасын және IT қосымшасын әзірлеу; қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың негізгі аспектілері туралы азаматтарды ақпараттандыру деңгейін анықтау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу; қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейне блоктар әзірлеу ескерілген.

Сонымен бірге, А. Мұхамедиұлы орталықтың ғылыми әлеуеті артып келе жатқанына тоқталып өтті. Бүгінгі таңда мұнда ғалымдар мен білікті мамандар тартылды. Қазір Ұлттық ғылым академиясының академигі, 2 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты жұмыс жасауда.

Айта кетейік, Министрлік  қазіргі кезеңде жаңа әліпбиге көшу барысында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндау, түсіндіру, әдістемелік көмектер көрсету мақсатында тиісті ғылыми шаралар жүргізді. Оған Ұлттық комиссия және жұмыс топтары мүшелері, Парламент депутаттары,еліміздің жетекші лингвист ғалымдары қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір