• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:48:49
Алматы
+35°

13 Қаңтар, 2018 NEWS

«Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты семинар өтті

Мешіт асханасындағы ас мәзірін ақсақалдар және жамағаттар біріге отыра шешім қабылдады

Бүгін, 12-ші қаңтар Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде жұма намазынан кейін «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты семинар өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Семинарға бас имам Мәди Тоқпанұлы, найб имамдар және қала ақсақалдары қатысып, ҚМДБ-ның «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабының мына пәтуалары алынып, бір шешімге келді:

1. Жаназада Митинг тоқтатылсын,
2. Жаназада марқұмның артынан жыртыс тарату тоқтатылсын,
3. Құдайы ас дастарханында торт, жеміс-жидектер қойылмасын,
4. Марқұмның жетісін кафеден емес, тек үйден беру. Жетісіне көңіл айтатын адамдар ғана барылсын,
5. Жаназаның асында дастарханнан ештеңе алмау. Өйткені қаралы үйге көңіл айтуға келетін қонақтары болады. (қайта-қайта шашылмас үшін),
6. Жаназаның асында, қырқында, жылында сөз сөйлеу тоқтатылсын.
7. Жаназаның асында, жетісінде, қырқында, жылында видео ролик көрсетпеу.
8. Дәлеліндегі (қонақ асы) тамақ беру тоқтатылсын. (қаралы үйде 3 күнге дейін тамақ берілмейді).
Қорытындылай келе, айтылған пәтуаларды ақсалдардың барлығы бірауыздан қолдап, қабылдады. Және мешіт асханасындағы ас мәзірін ақсақалдар және жамағаттар біріге отыра шешім қабылдады. Оған мыналар кіреді:

1. Бауырсақ,
2. Май,
3. Қант,
4. Жент,
5. Өрік, мейіз.
6. Кәмпит
7. Печенье

Жезқазған қаласы, «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешіті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір