• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:44:54
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2018

Жан Ахмадиев: Депутат болсам, біраз нәрсені өзгертер едім

Болашаққа жоспарларымен бөліскен Жан Ахмадиев өзін депутат ретінде көретінін айтып қалды

Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасында қонақ болған заманауи жырау, журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі көп талқыланған даулы видеоға байланысты пікір білдірді. «Жезөкшелерді» қамшымен сабағанына өзі өкінбейтін секілді.

«Келесі жолы жезөкшелер көшеге шығудан қорқатын болады. Себебі олар қамшымен сабап кетпейді ме екен деп әр клиентінен қорқатын болады», - дейді Жан Ахмадиев.

Бұған қоса болашаққа жоспарларымен бөліскен ол өзін депутат ретінде көретінін айтып қалды.

«Соңғы кезде осындай ұсыныстар көбейіп кетті. Депутат болсам, біраз нәрсе өзгертер едім. Қазіргі таңда ондай адамдар мұндай қызметке белгілі бір мақсатты, өзінің жеке басының қамын көздеп барады.  Мен қарапайым халықтың ортасында жүргеннен кейін халықпен бірге болғың келеді. Әттең-ай дейсің, қолда кішкене билік болса, өзгерістер жасар едім. Біріншіден қазақтың дәрежесін көтерер едім. Қазақ стоянкада жұмыс істейді, қазақ – күзетші, қазақ кім – қазақ кондуктор. Сонда қазақ басқа жұмыс жасай алмай ма? Мақсатым – қазақтың сөзін сөйлеу, қазақтың жыртысын жырту», - дейді заманауи жырау.

Айта кетейік, наурыздың аяғында Жан Ахмадиевтің «жезөкшелерді» қамшымен сабаған видеосы әлеуметтік желіде тарап, қоғам пікірі екіге бөлінген. Бір бөлігі заманауи жырауды қолдап, ісін дұрыс десе, енді бірі мұны қара пиарға балады. Ал бірнеше күннен кейін видеоның алдын ала жоспарланғаны әрі ондағы «жезөкшелер» Ахмадиевтің әйелі мен таныстары болып шыққаны анықталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір