• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:01:21
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2018 NEWS

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев жаңа қызметке тағайындалды

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев жаңа қызметке тағайындалды.

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтының дерегіне сүйеніп.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», — деп хабарланған сайтта.

Ал осы уақытқа дейін көрші мемлекетте елші болған Айымдос Бозжігітов  Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.

Айта кетсек, биыл қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Көкірекбаевты Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатты. Ол облысты төрт жылдан астам басқарды. Оның орнына Асқар Мырзахметов тағайындалған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір