• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:47:06
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018 NEWS

Жалған ОҢАЙ! бақылаушыларынан сақ болыңыз

Бақылаушыда жол ақысының төлемі есебінен қайталап қаражатты шешіп алуға техникалық түрде еш мүмкіндігі жоқ.

Қоғамдық көлікте жалған ОҢАЙ! бақылаушылары көбейіп кетуіне байланысты қоғамдық көлік қызметін қолданатын алматылықтарға бақылау процедурасы туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жолаушылар тарапынан жалған бақылаушылардың «тексеруінен» кейін карта теңгерімінен қаражаттың қабылданғаны туралы шағымдар жиілеп кеткен.

Алматы қаласы Көлік холдингінің (АКХ) бақылаушы-ревизиялық қызметінің қызметкерлері жол ақысының төлемін тексеру үшін қолданып жүрген терминалдарда төлемді қабылдау функциясы жоқ екенін хабарлайды. Бақылаушыда жол ақысының төлемі есебінен қайталап қаражатты шешіп алуға техникалық түрде еш мүмкіндігі жоқ.    

«Жолаушылар бақылаушылардың жол ақысының төлемін тексеру үшін картаны жолаушылардан сұрап, оларды мобильді терминал арқылы өтікізгеннен кейін картадан қайталап қаражатты шешіп алатыны туралы ОҢАЙ! әкімшілігіне жиі шағым түсіреді. Мұндай жағдайда жолаушы АКХ-не өтініш жазса қайталанып алынған сомма картаның теңгеріміне қайтарылады. Мұндай жағдай қайталанбау үшін, картаны қоғамдық көлік кондукторларына бермеуге кеңес береміз. Себебі олар АКХ-нің де, тасымалдаушы-компанияның да ресми қызметкерлері емес. Картаны тек қызметтік форма киген, бейджі және жеке куәлік пен бақылаушының өкілеттілігі бар ресми жұмыс істейтін бақылаушыларға тексеру үшін беру қажет. Егер Сіз маршрутты жалған бақылаушыны байқаған болсаңыз тез арада ОҢАЙ! байланыс орталығына хабар беруіңізді сұраймыз», - дейді Алматы көлік холдингінің директоры Садир Хамраев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір