• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:40:40
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2018 Оқиғалар

Жалақысын көбейтуді талап еткен мұғалім қамауға алынды (видео)

Ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалім төмен жалақыға шағымданғаны үшін қамауға алынды

АҚШ-та (Луизиана штаты) ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалім мектептік кеңесте оқытушылар жалақысына шағымданғаны үшін қамауға алынған. Бұл туралы  Fox News -ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шетелдік басылымның мәліметінше, Дэйша Харгрэйв кеңес мүшелеріне тәртіпке сай жүгінбеген, наразылық танытып сұрақтарды рұқсатсыз қойған. Кеңес залында кезекшілік еткен офицер бастапқыдан оған ескерту жасап, кейін залдан шығарып қолына кісен салып алып кеткен. 

Офицердің мұндай әрекетті  басшылықтың бұйрығымен жасағаны немесе өз білгенімен істегені белгісіз. Мұғалімді түрмеге қамауға алған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір