24Қазан

Зейнеткер: Елімізде әділдіктің барына сенгім келеді

Зейнеткер: Елімізде әділдіктің барына сенгім келеді

Редакциямызға Нұралы Қалиев есімді зейнеткерден Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асанов Жақып Қажыманұлының атына жазылған хат келіп түсті. Сол хатты назарларыңызға ұсынамыз!

Құрметті Жақып Қажыманұлы!

Мен өзіңізге ұлым Нұртуған Мұзамеловтың тағдырына алаңдап, арнайы хат жазып отырмын. Үйдің үлкені «Орда бұзар отыз жастан асқанда» Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Бұл 2014 жылы еді. Ол бұл қызметке өз білімімен, тәжірибесімен әрі осыған дейін атқарған істерінің нәтижелілігімен жетті.

Бір жыл өткен соң, яғни 2015 жылы 6 наурызда ауылдық округ аумағына қарайтын жер телімдерін тексеру кезінде Нұртуған Мұзамелов 41 жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарту жөніндегі құжат жалған болуы мүмкін екенін біліп, тиісті орындарға шағым түсіреді. Өзінің мамандығы заңгер болғандықтан, ол бұл істе бір шикілік барын тез түсінгені шүбәсіз. Көп өтпей осы іс бойынша Целиноград ауданы ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғайды. Бір қарағанда, мұндай істер қалыпты оқиғалардың бірі секілді көрінуі мүмкін. Алайда, 2017 жылғы 29 мамыр күні дәл осы тұлға күдікті боп танылып, 2017 жылғы 16 маусым күні оның әрекеті ҚР ҚК-нің 177 бабының 4 бөлігі «а, б» тармақтарымен және аталған кодекстің 235 бабы 3 бөлігімен қылмыстық іс жасады деп дәрежеленіп (алаяқтық және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу), қамауға алынды. Яғни, Н.Н.Мұзамелов ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысып, сол топтың мүддесіне Талапкер ауылдық округінің жер учаскелерін жалға алуды ұзарту жөнінде заңсыз түрде 45 өкім шығарған деп айыпталып отыр. Қалай түсінсек болады? Өзі осы іс бойынша тексеру жүргізтіп, құқық қорғау органдарының назарын елден бұрын аударып, ең бастысы екі жыл бойы осы қылмыстық істі ашуға бар күш-жігерін жұмсаған адамның өзі күдікті ретінде қамалғаны ақылға сыя ма? Егер бұл іске өзінің қандай да бір қатысы болса, ол мұндай қадамға мүлдем бармас еді ғой... 

Тергеушілердің таққан кінәсі 45 жер телімін беру туралы шешімдерде Нұртуған Мұзамеловтің қолы қойылған болып шықты. Біз амалсыздан қойылған қолды сот сараптамасынан өткіздік. Қазіргі таңда қолжазбаны тану сараптамасы өткізілді, 2017 жылғы 28 маусымдағы №1335 және 2017 жылғы 21 шілдедегі №1691 сот қорытындысына сәйкес барлық заңсыз шығарылған өкімдерге Н.Н.Мұзамеловтың қолы қойылмаған, яғни Н.Н.Мұзамеловтың қолын сәйкестендіріп қоюға тырысқан басқа тұлғаның қолымен орындалғаны экспертиза бойынша анықталды.

Жоғарыда тізбектелген сараптама қорытындысы негізінде тергеу органдары аталған тұлғаға қатысты қылмыстық істі тоқтатуға міндетті еді, алайда әлі күнге дейін ол орындалған жоқ. Тергеу әлі жүріп жатыр.  

Бұл іс бойынша шындықты талап ету мақсатында барлық мән-жайды бүге-шігесіне дейін жазып, көмек сұрамаған адамымыз кемде-кем. Ауыл ардагерлерінің атынан да өтініштер түсті, олар өз сөздерінде ауылда бұндай әкімнің бұрын-соңды болмағанын, өзінің жас екендігіне қарамастан бұрынғы әкімдердің ойлауға да шамасы жетпеген тиімді іс-шаралар өткізгенін, алдына қойған мақсатын тиянақты да айқын орындайтынын, өзекті мәселенің әрқайсысына жан-тәнімен кірісіп, жедел шешім қабылдай алатыны туралы жазған. Ауыл халқы ұлымның ақ екеніне сенеді әрі басына түскен бұл қиындықты жеңіп, ауылға қайта оралса екен деп тілейді.   

Тергеу барысында Н.Мұзалемовтың қолы қойылған құжаттарды тіркеуге Н. есімді тұлға әкеліп отырған, қазіргі таңда ол кісі қайтыс болған. Тергеу барысында Н.Мұзалемовтың қолын қойған нақты сол тұлға екенін тану сараптамасы тағайындалды. Егер ол кісі бұл өмірде жоқ болса қайтыс болған тұлғаның қолжазбасын тануды қалай анықтауға болады? 

Дәл осы сәтте, бірнеше шынайы факті болса да тергеу ісі қандай мақсатқа жетуді көздеуде деген сұрақ көкейге өзінен өзі орала түседі. Егер ұйымдасқан қылмыстық топтың кінәсі дәлелденген болса онда неге тек менің ұлымды ғана қамап отыр? Өзге мүшелер неге бостандықта жүр? Оның қамауға алу уақытын үнемі соза берудің не қажеті бар? Әлде тергеу нақты Н.Мұзалемовты құрбандыққа шалуға бекініп отыр ма? Себебі оларға ауылдық әкім болса да, білдей бір әкімді құрықтадық деген үлкен жетістік болып табыла ма? Мені мазалайтын сұрақтар көп.

Айтпақшы, айыптау тек сол ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісінің айтуы бойынша ғана құрылған. Сондай-ақ, он шақты қылмыстық іс жасап, сол қылмыстық әрекетке жиырмадан астам адамды тартқан топ жетекшісі бостандықта жүр. Сонда қылмыстық топты құрушы адам «тергеуге көмектесемін» деген желеумен бәрінен құтылып, солардың заңсыз әрекетімен күрескен ұлым айыпты болмақ па? Қылмыстық топ құрғаны дәлелденген адамның куәландыруы бойынша менің ұлымды қамап отырғандары, оның айтуынан басқа бірде бір дәлел-дәйектің жоқтығы неге ескерілмей отыр? Менің ұлым Нұртуған Нұралыұлының кәмелет жасына толмаған 3 баласы бар. Сол немерелерім көрген сайын: «Ата, әкем қашан келеді?» деп сұрағанда, жүрегім езіліп кетеді. Оларға «жуықта келеді» деп айтудан шаршадым.

Қадірлі Жақып Қажыманұлы!

Сізді Елбасының сенімді серігі әрі әділетті жақтаушы, ары да, жаны да таза адам деп білемін! Әрбір ісіңізге сырттай сүйініп жүремін. Аудандық тиісті мекемелерден қайыр болмаған соң өзіңізге жүгініп отырмын. Бір қарағанда бұл бір кішкене іс болып көрінер. Бірақ атпал азаматтың, бір отбасының тағдыры тұрғанын қаперге аларсыз деген үміттемін. Мен елімізде әділдіктің барына сенгім келеді.

Құрметпен Нұралы ҚАЛИЕВ,

зейнеткер.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 1 апта бұрын

    комиссар катанияга уксап жумысты жаксы бастап еди жакып мырза кеин коринбеи калды соитсем кешегиде осы саитама казах уни саитындама акжол партиясынын бастыгы азатпен прокуроратурада кабинеттерди корсетип журген халыктын арызын кабылдаитын дежурный прокурорлар отырады екен нуреке баланыз киын жагдаига тусипти сол жергеде барып арыз кылып корин бир здания ишинде дегеним гои зарыныз тезирек бас прокурор кулагына жетер .акталып шыгуына тилектеспин деп мурат.

1
Әйел зорлайтындарды жақтаушылар: Олардың да айтары бар...
23/10 19:36 0 442
2
Әлемдегі қай ел есірткі қолданудан көш бастап тұр? (карта)
23/10 18:57 0 250
3
Қазақстанның төрт облысында дауыл соғатыны ескертілді
23/10 18:44 1 4372
Аграрлық өнеркәсіп кешенін дамыту Карталары депутаттарға таныстырылды
23/10 17:55 0 125
Франция Президенті Эмманюэль Макронның иті маңызды кездесуде дәрет сындырды
23/10 17:27 1 203

Таныстырылғандар

Лукашенко ТМД елдері президенттерінің алдында шындықты жайып салды (видео)
Лукашенко ТМД елдері президенттерінің алдында шындықты жайып салды (видео)
Лукашенко ТМД елдері президенттерінің алдында шындықты жайып салды (видео)
Лукашенко  ТМД-ның парламентаралық ассамблеясының қызметін сынады
12/10/2017 16:57 0 3346
Назарбаев ТМД Мемлекет басшылары мен ЖЕЭК жиындарын қорытындылады
Назарбаев ТМД Мемлекет басшылары мен ЖЕЭК жиындарын қорытындылады
Назарбаев ТМД Мемлекет басшылары мен ЖЕЭК жиындарын қорытындылады
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен болған кездесудің маңыздылығына тоқталды.
13/10/2017 08:32 3 422
Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Қалалар экономика дамуының негізгі күші болып табылады және әлеуметтік - экономикалық қиындықтарға қол жеткізуде орталық орынды иеленеді.
13/10/2017 14:26 0 178
Шымкенттік азамат өзінің 16 жыл бұрын қайтыс болғанын білді
Шымкенттік азамат өзінің 16 жыл бұрын қайтыс болғанын білді
Шымкенттік азамат өзінің 16 жыл бұрын қайтыс болғанын білді
Ұлының туу туралы куәлігін жасатуға барған Шымкент қаласының 25-жастағы тұрғыны құжаттарға сәйкес өзінің 16 жыл бұрын  өліп қалғанын анықтады.
14/10/2017 09:59 4 1463
«Атамбаев Путиннің тәжірибесін қайталайды»
«Атамбаев Путиннің тәжірибесін қайталайды»
«Атамбаев Путиннің тәжірибесін қайталайды»
Бүгін Қырғызстан мемлекетінің президенттік сайлауы аяқталып, Сооронбай Жээнбеков жеңіске жеткен еді. Қырғызстандағы биліктің ауысуына байланысты...
16/10/2017 18:22 9 4922
Елбасы Сооронбай Жээнбековке құттықтау жеделхатын жолдады
Елбасы Сооронбай Жээнбековке құттықтау жеделхатын жолдады
Елбасы Сооронбай Жээнбековке құттықтау жеделхатын жолдады
Жеделхатта Сооронбай Жээнбековтің басшылығымен Қырғызстан өзінің қарқынды даму жолында жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.
16/10/2017 18:57 2 873
Атырау облысында төбелесте ер адам оққа ұшты
Атырау облысында төбелесте ер адам оққа ұшты
Атырау облысында төбелесте ер адам оққа ұшты
Қанды оқиға Мақат ауданы Доссор ауылында 15 қазанда орын алған.
17/10/2017 10:41 0 607
Елімізде полицейлердің смартфон ұстауына қайтадан рұқсат берілуі мүмкін
Елімізде полицейлердің смартфон ұстауына қайтадан рұқсат берілуі мүмкін
Елімізде полицейлердің смартфон ұстауына қайтадан рұқсат берілуі мүмкін
Цифрландыру – бұл болашақ, бірақ қылмыстық қудалау мен қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшелігін ескеру керек
17/10/2017 18:21 0 171
«Бюджетті мақұлдау – ең жауапты, ең маңызды міндеттердің бірі»
«Бюджетті мақұлдау – ең жауапты, ең маңызды міндеттердің бірі»
«Бюджетті мақұлдау – ең жауапты, ең маңызды міндеттердің бірі»
Парламент пен Үкіметтің өкілеттігі күшейтілген конституциялық реформа талаптарын негізге ала отырып әзірленген заң жобасы қызу талқыға түсті
18/10/2017 15:22 1 369
Кентау қаласы әкімінің орынбасары 3,5 млн. теңге пара алу кезінде ұсталды
Кентау қаласы әкімінің орынбасары 3,5 млн. теңге пара алу кезінде ұсталды
Кентау қаласы әкімінің орынбасары 3,5 млн. теңге пара алу кезінде ұсталды
16 қазанда Берік Қынатов 3,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталып, Түркістан ІІБ уақытша тергеу изоляторына жабылды
18/10/2017 16:35 0 290
Путин мен ресейлік шенеуніктердің жалақысы төмендеді
Путин мен ресейлік шенеуніктердің жалақысы төмендеді
Путин мен ресейлік шенеуніктердің жалақысы төмендеді
Ресей басшысы Кремль шенеуніктері мен билік аппаратының төлемдерін қысқарту жайында шешімді алғаш рет қабылдап отыр.
20/10/2017 08:43 0 741
Бейжіңде қауіптің сары деңгейі жарияланды
Бейжіңде қауіптің сары деңгейі жарияланды
Бейжіңде қауіптің сары деңгейі жарияланды
Қалың тұман қала астанасына кіретін кейбір жолдардың жабылуына да себеп болды.
20/10/2017 09:13 0 6404
Бір сөз бүтіндей отбасын ойран етті
Бір сөз бүтіндей отбасын ойран етті
Бір сөз бүтіндей отбасын ойран етті
Баланың көзінше байқаусыз ештеңе айтпаңыздар...
20/10/2017 11:32 2 9855
Қазақстан және Қырғызстан Премьерлері кездесуде не жайында сөйлесті?
Қазақстан және Қырғызстан Премьерлері кездесуде не жайында сөйлесті?
Қазақстан және Қырғызстан Премьерлері кездесуде не жайында сөйлесті?
Екі елдің Премьер-Министрлері  ЕАЭО үкімет басшылары отырысы аясында Ереванда тағы да кездесетін болады.
23/10/2017 16:03 0 236
Қари атана алмаған қыздың соңғы сөзі...
Қари атана алмаған қыздың соңғы сөзі...
Қари атана алмаған қыздың соңғы сөзі...
Оны алғаш медресемізге анасы ертіп келгенді. Құжаттарын қабылдау барысында есімін сұрағанымда «Фатима», — деп жауап берген болатын. Артынша:
23/10/2017 17:11 0 325