• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:32:00
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Мемлекеттік сектордағы қызметкерлер журналистермен байланысты нығайтудың орнына, өздеріне жау етеді. КСРО-ның жабық саясатына үйренген БЮРОКРАТТАР, өңшең!

БЖЗҚ ұйымы журналистерге жазғы мектеп ұйымдастырған. "Сұрақтарыңызды қойыңыздар" дегеннен бастап, ойда жүрген сұрақтарды қоя бастадым. Олар кейбір сұрақтарым "дұрыс емес уақытта" қойылғанын айтып, жауап беруден бас тартты. Баспасөз қызметі басшысының айтуынша, олар журналистерді қор жұмысымен таныстыруға жинапты. Оның сыртындағы сұрақтарды қоюға болмайды екен.

Мысалы, мен қаржы саласына қатысы жоқ іс-шарада Қайрат Келімбетовті көріп қалсам, "бүгін одан AIX (халықаралы биржа) туралы сұрауға болмайды, басқа шарада жүрміз" демеймін ғой. Солай деп, одан пікір алмайтындай, Келімбетовті күнде көріп жүрсем екен?! Онсыз да "недоступный" адамдарды бір көргенде, ойдағы сұрақтарды жаудырудың нендей жамандығы бар?! Оңтайлы жағдайды пайдалану біз үшін өте маңызды.

Қор қарапайым халықтың салып отырған қаржысынан құралғандықтан, азаматтардың ұйымның жұмысы, жобалары мен инвестициялық стратегиясы туралы біліп отыруға құқығы бар. Сосын БЖЗҚ-да зейнетақы қорынан бөлек, "меншікті қор" деген бар. Оны әкімшілік шығындарды жабу мақсатында құрған. Оны ТҮСІНЕМІЗ. Бірақ ол қор қалай құрылғаны, қалай өсіп жатқаны, активтер пакеті жайлы сұрасаң, Ұлттық Банкқа сілтейді. Өткен жылы дәл осы шарада Ұлттық Банк өкілінен де сұраған болатынмын. Ол меншікті қорға қаржы реттеуішінің қатысы жоқ екенін айтқан.

Дөңгелек үстелде Қордың атқарушы директоры Мұрат Шәріпов бастаған БЖЗҚ мамандары отырды. Шәріпов мырза бірден түсіністік танытты. Ал қалған мамандар, әсіресе, баспасөз қызметінің жетекшісі "Інішек" деп сөзімді аяқтатпай қойды. Ресми жиында отырсақ та, Сөзді бөліп, ойды соңына дейін тыңдамайтын түрдегі "этикадан" тыс принциптермен СҰРАҚ/СҰРАҚ (себебі жауаптар болған жоқ) өткіздік.

Содан менің түсінгенім, оларға қор туралы тек "позитивті" ақпаратты таратушы журналистер керек. Ал олардың репертуарында жоқ сұрақтарды бағыттасақ, бізді жау көре бастайды. Журналистер "оппозиция" емес, өзара байланысты қамтамасыз ететін сектор қызметкерлері!

Расында, журналистер мемлекеттік сектор мен қарапайым азаматтар арасындағы медиатор қызметін атқарады. Азаматтар білуге тиіс ақпаратты беруге міндеттіміз. Сыни көзқарастағы мақала жазғанда "БЖЗҚ қызметкерлерінің басын жерге қаратуды" басты мақсат етпейміз. Олар да "адам". Қателеседі. Бірақ сол қателіктермен бірге жұмыс істесек, мәселені тезірек шешуге болады ғой. ЖОҚ.

"ПАЦАН" деп, ойымды тыңдауды да жөн көрмеді. Өңшең КСРО кезінен қалған БЮРОКРАТТАР отырып алған. Халықтың сынын олар керісінше "feedback" ретінде пайдаланса, өздеріне тиімді боларын, ортақ коммуникация каналын құратынын білмей отыр.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік сектор қызметіне қатысты жастардың "скептикалық" көзқарасы бар. Болуы да керек! Билік басындағы адамдар халықты билеу үшін емес, оларға қызмет көрсету үшін сайланған немесе тағайындалған. Тек сыни көзқараспен олардың барынша дұрыс бағытта жұмыс істеулеріне септігімізді тигізе аламыз!

Жолдас Өрісбаев

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір