• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:05:44
Алматы
+35°

30 Маусым, 2018 Әлеумет

ЮНИСЕФ жариялаған байқауда «Қамшы» жеңіске жетті

Шарафат Жылқыбаеваның «Қамшы» порталында жарияланған «Тауқыметті жеңген әке» мақаласы қазақ тілді журналистер арасындағы ең үздік материал.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ Балалар қоры мен Құқықтық медиа-центр 18 маусым халықаралық әкелер күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары арасында байқау жариялаған болатын. Осы аптада Астанадағы ұйым офисінде байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдік басшысы Юрий Оксамитный «Қазақ тіліндегі ең үздік мақала», «Орыс тіліндегі ең үздік мақала», «Әлеуметтік желідегі үздік пост» аталымдары бойынша ерекше жариялым авторларын марапаттады.

Халықаралық журналист Шарафат Жылқыбаеваның «Қамшы» порталында жарияланған «Тауқыметті жеңген әке» деп аталатын мақаласы қазақ тілді журналистер арасындағы ең үздік материал деп танылды. Ал «Zakon.k» журналисі Диляра Азанбекова орыс тіліндегі үздік мақала авторы, Әсел Тұрсынғазина мен NovaCity.kz порталының тілшісі әлеуметтік желідегі үздік жариялым аталымы бойынша  жеңімпаз атанды.

Әке

 «Біз үшін әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі тақырыбына назар аудару маңызды. Сәби дүниеге келген сәттен бастап әкенің оған деген қамқорлығы бала миының дамуына, ары қарай өсіп-жетілуіне ықпал етеді. Баланың оқуға ынта-жігерінің артуына да әке қамқорлығының әсері бар» деді, Юрий Оксамитный марапаттау рәсімінде. 

 «Қамшы» порталындағы қайсар әке туралы мақаланы мына сілтемеден оқыңыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір