• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:24:53
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2018 NEWS

ЮНЕСКО қарамағындағы «The Planet of ART» Халықаралық Фестивалі

2018 жылы ЮНЕСКО қарамағындағы Халықаралық балалар шығармашылығының фестивалі жас суретшілерге өз есігін «The Planet of ART» атты жаңа есімімен айқара ашады

2018 жылы ЮНЕСКО қарамағындағы Халықаралық балалар шығармашылығының фестивалі жас суретшілерге өз есігін «The Planet of ART» атты жаңа есімімен айқара ашады. Бұрынғыдан да қызықты оқиғалар мен мастер-кластарға толы жобаның жаңа циклі Қазақстан астанасы - Астананың 20 жылдығын атап өтуге арналған және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында өтеді. Биылғы фестиваль Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 20-дан астам елдердің бейнелеу, қолданбалы және басқа да өнер түрлерінің 10 000-ға жуық жас шеберлерін жинауға уәде береді.

Қазақстан аумағында жарыс ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 20 сәуіріне дейіг өтеді және 3-17 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жеткіншектердің жұмыстарын қабылдайды. Орындау техникалары айтарлықтай кең: «Астана – бейбітшілік қаласы» тақырыбында орындалған графика мен қолданбалы қолөнерден шығармашылық суретке түсіру мен 3D модельдеуге дейін. www.unescoclubs.kz сайтында байқау шарттарымен таныса және онлайн өтінімді толтыра аласыз.

1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша фестивальдің жеңімпаздары анықталады: әрбір қатысушы мемелекеттен 5 адам, Қазақстанның әр облысынан және республикалық маңызы бар Алматы мен Астана қалаларынан 5 адам жеңімпаз атанады.

Әр аймақтың жеңімпаздары маусым айында Астанадағы жобаның финалына шақырылады, онда оларға белсенділікті талап ететін білім беру және мәдени бағдарлама таныстырылады. Бірнеше күн бойы олар заманауи шығармашылық, білім беру, бейбітшілік мәдениеті мен халықаралық орта атмосферасына батады. Балалар Қазақстан елордасының мерейтойын тойлау кезінде өз елдерінің жас елшілеріне айналады.

Сонымен қатар, Фестиваль аясында конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді және «The Planet of ART» альбомдық сериясының «Астана – бейбітшілік қаласы» тақырыптағы кітабы көпшілікке таныстырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс тек әлеуметтік мақсатта жүзеге асырылады және қатысу тегін. Астана қаласында 150 жеңімпаздың финалға келуі де толығымен байқау серіктестерінің есебінен төленетін болады.

Айта кетерлік жайт, «Әлем балалары бейнелейді» Халықаралық Фестивалі 1999 жылы ЮНЕСКО Бас Директорының ұсынуымен туындады. Қазақстандық алғашқы альбом Елбасының алғысөзімен символикалық түрде ашылған.

Қазақстан аймағында он жылдан астам уақыт сәтті жұмыс жасап келген жарыс, 2010 жылы «Балалар Әлемді бейнелейді. Орталық Азия» атауымен өзінің

географиялық таралымын ұлғайтып, көршілес елдерінің балаларына өз ойларын өнер арқылы бейнелеуге мүмкіндік берді. Соның арқасында іс-шара ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы тұрақты программаларының қатарына енгізілді. Нәтижесінде жоба 2012 жылы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде таныстырылды.

2016 жылы Азия-Тынық мұхиты деңгейіне көтеріліп, «Балалар Әлемді бейнелейді. Азия» жобасы өз өрісін кеңейтті. Бұл қадамның нәтижесінде Бангладеш, Вьетнам, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Непал, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Түркменстан, Өзбекстан, Жапония және басқа да елдердің дарынды жастары жобаға қатыса алатын болды. Фестиваль Алматы қаласының 1000-жылдығына арналып, аталмыш жылы алмалар қаласының мерейтойын тойлау аясында Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде халықаралық көпшіліктің назарына тағы да ұсынылды.

Дарынды балалар мен жастардың одан да көп санын қамту үшін 2018 жылы жоба «Балалар Әлем ырғағында» атты Қазақстанның шығармашыл жастарының Фестивалімен біріктіріліп, «The Planet of Art» жаңа атауымен дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.

ЮНЕСКО қарамағындағы «The Planet of Art» Халықаралық Фестивалін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен біріге отырып Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы ұйымдастырады. Жоба Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің, білім беру және ғылым Министрлігінің, сыртқы істер Министрлігінің, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Коммиссиясының, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының, Астана қаласы әкімдігінің және бірқатар ірі компаниялардың қолдауымен іске асып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір