• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:30:31
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 NEWS

И.Тасмағамбетов Қазақстандағы РФ Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

Қос тарап Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының негізгі тұстарына және де елде өтетін биылғы маңызды шараларына тоқталып өтті

Бүгін Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қос тарап Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының негізгі тұстарына және де елде өтетін биылғы маңызды шараларына тоқталып өтті.

Бұл 9-шы Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздердің жүргізілуі. Сонымен қатар, Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтап беретін бесінші саммиттің Қазақстанда өтуі. Заманында КСРО мен Иран мемлекетінің арасында ғана жатқан қарт Каспийге кеңес одағы күйрегеннен кейін Иран және Ресеймен қатар әлем картасынан орын алған Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан елдері де иелік еткен еді. Содан бері аталған 5 мемлекетің арасындағы теңіздің түбіндегі мол табиғи ресурстармен қатар геосаяси шекара бөлу мәселесіндегі күрмеуі көп мәселелер шешілген емес. 

Бұдан өзге, алтыншы рет өткелі отырған әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі және Қазақстан мен Ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастығы форумы.

Осы жылдың жоспарын кеңінен талқылаған ұйым жетекшілері, жүргізіліп отырған көп бағыттағы шаралардың маңыздылығына тоқталды. Мұнымен қоса, сыртқы саясаттағы байланыс мүмкіндітерін жетілдіруге де ерекше мән берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір