• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:49:20
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 NEWS

Италияда жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салынды

Қоғамда жүргізілген сауалнама нәтижесінде, 71 пайыз италияндықтар аталмыш заңды дұрыс деп тауып, қолдау білдірген

Италияда жануарлармен бірге циркте өнер көрсетуге тыйым салу туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Pnp.ru сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл жайында жергілікті Corriere della Sera басылымы жазды.

Италияндық «Вивисекцияға қарсы лигасының» мүшелері аталмыш заңға қолдау білдіріп, бұл – жануарларды қорғау үшін жасалып отырған қадамдардың бірі деп қабылдады. «Әлемдегі 50 елдегі секілді енді Италияда да жануарларды циркке шығаруға тыйым салынатын болды», - дейді лига мүшелері.

Қоғамда жүргізілген сауалнама нәтижесінде, 71 пайыз италияндықтар аталмыш заңды дұрыс деп тауып, қолдау білдірген.

Жануарлармен бірге циркте өнер көрсетуге тыйым салуға сенатор Карло Джованарди қарсылық білдіріп, «бұл цирктың тарихи мәдениетін құртады» деп мәлімдеген.

Айта кетер болсақ, парламентте аталмыш заңды талқыға салып жатқан уақытта Монтечиторио сарайының алдында цирк әртістерінің ереуілі өткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір