• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:33:09
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 NEWS

Исламның жиһадшы әйелдері АҚШ жалауын таптап, өртеді (видео)

«Ислам жиһадшылары» қозғалысы әйелдері американдық және израильдік жалауларды өртеген

«Ислам жиһадшылары» қозғалысына қатысушы әйелдер Палестина көшелерінде марш жүріп өтіп, американдық және израильдік жалауларды өртеген. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме беріп хабарлайды. Осы арқылы олар АҚШ президентінің Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындайтындығына қарсылық көрсетті.

«Мен барлығын бұл шешімге қарсы шығуға шақырамын, бірлікті сақтаймыз, қол қусырып отырып қарап қалмаймыз»,-дейді жиһадшы әйелдердің бірі.

Израиль өзінің астанасын Иерусалим етіп Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1946 жылы жариялаған. 1967 жылы алты күндік соғыстан кейін Израиль өзіне Шығыс Иерусалимді қосып оны Бастыспен біріктірген, алайда БҰҰ мұны мойындамаған. Израильмен дипломатиялық қарым-қатынастағы елдердің елшіліктері Тель-Авивте, Рамат-Ган мен Герцлияда орналасқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір