• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:08:36
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2018 NEWS

Исекешев Елорданы қандаладан тазартуға уәде берді

Астана әкімі Әсет Исекешев елордадағы жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасын қандала басып қалғаны жайлы шағым түскеннен кейін бұл проблеманы ...

Астана әкімі Әсет Исекешев елордадағы жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасын қандала басып қалғаны жайлы шағым түскеннен кейін бұл проблеманы шешуге уәде берді Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

"Менің сіңлім медициналық университетке түсіп, қатты қуанып еді. Жатақханаға орналасқаннан кейін қуанышы су сепкендей басылды. Ұйқыға жатқанда өзін жайсыз сезінетін болған. Таңертең денесінің барлығы қышитын көрінеді. Көп уақыт неден екенін білмей жүрген. Ақыр соңында төсегінен қандала тауып алған", — деп жазды Айна Мұқашева атты қолданушы Facebook-те.

Оның айтуынша, студент қыз жатақхананың әкімшілігіне шағымданған, ондағылар улау жұмыстарын жүргіземіз деп құрғақ уәдемен шығарып салыпты. Кейінірек проблеманы өздерің шешіңдер деген.     

Шағымға Астана әкімі Әсет Исекешев жауап қайтарды. Ол бұл проблеманы ЖОО-ның жатақханасында ғана емес, Астана бойынша шешуді тапсыратынын хабарлады.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір