• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:21:07
Алматы
+35°

22 Маусым, 2018 NEWS

Иранда ұсталған Қанат Бейсекеев Қазақстанға оралады

Осыған дейін желіде режиссердің Иранда ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Қазақстандық саясаткер Ерлан Қарин Иранда ұсталған режиссер Қанат Бейсекеевтің жағдайы жағдайы туралы жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Қанат Бейсекеевпен бәрі жақсы. Ол елге ұшып келе жатыр. Жұмыс барысында мәселелер болған, қазір бәрі шешілді", - деп жазды Қарин Facebook парақшасында.

Осыған дейін желіде режиссердің Иранда ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

"Оны Иран полициясы ұстап, барлық құралдарын тәркілеген. Мен ары қарай не болатынын білмеймін. Қанат өзі келіп барлық жағдайды түсіндіріп беруі керек деп ойлаймын. Бірақ мұндай жағдай деректі фильм түсуршілер үшін қалыпты нәрсе. Бірнеше мың доллардың заты тәркіленгені болмаса бәрі дұрыс. Ол заттарды иесіне қайтара ма белгісіз. Бірақ қайтармауы әбден мүмкін. Бұған дейін Қанат Монғолияда, Түркияда фильм түсірді. Иранда да жағдай жақсы болады деп ойлаған. Ол жақын арада Қазақстанға оралады деп ойлаймын", - деп жазды белгігі PR маманы Әлішер Елікбаев. 

Қанат Бейсекеев - шетелдегі қазақтар туралы түсірілген бірнеше циклді деректі фильмнің режиссері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір