• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:42:02
+35°

09 Мамыр, 2018 Әлем

Иран АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуын «тарихи қателік» деп атады

АҚШ келісімнің жалғыз мүшесі емес, сол себепті Иран Тегеранмен бірге келісімге отырған қалған алты державаның ұстанымын күткен жөн деп шешкен.

Иран Дональд Трамптың АҚШ-тың Тегеранмен Иран ядролық бағдарламасын дамыту келісімінен шыққанын «тарихи қателік» деп атады.

Иран президенті Хасан Роуханидің мәлімдеуінше, АҚШ келісімнің жалғыз мүшесі емес, сол себепті Иран Тегеранмен бірге келісімге отырған қалған алты державаның ұстанымын күткен жөн деп шешкен.

8 мамырда кешкісін Хасан Роухани Иранның көпжақты ядролық келісім жауапкершіліктерін сақтай беретінін мәлімдеді. Егер Иранға келісімге қатысу басқа бір тараппен келісімге келе алса, онда Тегеран 2015 жылғы бұл келісімнен шықпайды, деп мәлімдеді Роухани.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болса Трамп «тарихи қадам жасады» деп, АҚШ-қа сол үшін алғысын білдірді. Голан биіктігінде Израиль билігі қауіпсіздік шараларын күшейтті. Бомбадан тығылу орындары ашық тұр, қорғаныс күшейтілген.

Франция президенті Эммануэль Макронның мәлімдеуінше, Франция, Германия және Ұлыбритания Вашингтонның бұл шешіміне «өкінеді».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір