• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:34:52
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Айтты-ей, бауырың!

«Индустрия 4.0» қағидатын мектеп қабырғасынан бастап меңгере бастау керек

Төртінші өнеркәсіптік революцияны терең зерттеп, мектеп қабырғасынан бастап балалар меңгеретіндей дәрежеде оқыту керек

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президент Жолдауының инновация саласындағы міндеттерін қалай жүзеге асыруға болады? Осы сауалға қатысты «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Жолдаудың аталған бағыты бойынша «G-Global «жасыл экономика» мен даму коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова тұшымды жауабын берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Төртінші өнеркәсіптік революция «ақпараттық қоғам», толықтай интеллектуалдық әрі қалдықсыз өндіріс, сенімді қажеттілік, абсолютті әрі дәуірлік инновацияларды құруды көздейді. Ол жайлы біздің Президент «ХХІ ғасырдағы жаһандық энергоэкологиялық стратегия» кітабында кеңінен тоқталып өткен болатын. Жолдауда «сапаға жоғары талап қоя білу, ғимараттардың экологиясы мен энергияны үнемдеуіне» ерекше маңыз беру керектігі айтылады. «Жасыл» құрылыстың қағидаттары - төртінші өнеркәсіптік революцияның тағы бір басым тұсы» - дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, төртінші өнеркәсіптік революцияны терең зерттеп, мектеп қабырғасынан бастап балалар меңгеретіндей дәрежеде оқыту керек. «Демек, ЖОО-лар мен студенттік қалашықтар, технопарктер, төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын кешенді түрде игеру алаңына айналуы тиіс», - дейді ол.

Салтанат Рахымбекова Жолдауда аталып өткендей, «барлық өңірлердегі оқушылар сарайында балалар технопаркі мен бизнес-инкубаторларды салудың» маңызына тоқталды. Оның айтуынша, технологиялық брокер, автоматтандырылған жылыжайларды қамтамасыз ету секілді мамандықтарды меңгерудің маңызы аса жоғары. Төртінші өнеркәсіптік революцияның көшбасшылары - ЭКСПО-2017 аумағында салынып жатқан Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі мен Жасыл технологиялардың халықаралық орталығы бола білуі керек.

Салтанат Рахымбекова сонымен бірге, тың техникалық негізде цифрлы, «виртуалды» экономиканы дамытудың маңызды екенін тілге тиек етті. «G-Global базасында төртінші өнеркәсіптік төңкерістің инновациялары мен «жасыл» жобалары үшін қаражат жинайтын краутфандингті алаң құру керек», - деп атап өтті ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір