• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:42:46
Алматы
+35°

Индонезияның Ява аралындағы үш шіркеуде жарылыс болып, 9 адам қаза тапқан, ал 40-қа жуық адам ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды Риа новости сайтына сілтеме жасап.

«Сурабай Шығыс Явада үш шіркеуде жексенбі күні бомба жарылды. Полиция қызметкерлері өзін-өзі жарып жіберген бір террористті бекітті. Әзірге тоғыз адам қаза тауып, 40-қа жуығы жарақаттанғаны белгілі», - делінген жергілікті басылымдардың бірінде.

Алғашқы жарылыс Ява аралы Сурабай қаласындағы католиктер шіркеуінде жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:15-те болған, артынша бес минут аралықпен тағы екі жарылыс болған. Екінші жарылыс Джалан Дипонегеродағы протестанттық шіркеуде болса, үшіншісі Арджуно көшесінде орналасқан шіркеуде орын алған.

Белгілі болғандай, жарылысты ұйымдастырғандар шіркеуге келген қарапайым тұрғындар секілді киініп келген екен. Полиция қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір