• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:39:14
Алматы
+35°

03 Наурыз, 2018 Айтты-ей, бауырың!

«Имамдар жеке басына тиіскендерді сотқа бермек»

Бұдан былай әлеуметтік желідегі осындай жағымсыз пост жазатындарды жауапқа тарту жағы қарастырылып жатыр екен.

Әлеуметтік желіден дінге байланысты әртүрлі постты көріп қаласың. Көбінің ақылынан ашуы алда жүреді. Ашып қарасаң, әлгі жерден сол адамның эмоциясын ғана оқисың. Әсіресе, мына имамдар мен имандылық туралы әңгіме қозғала қалса кейбірінің жыны қозып кете ме, балағаттауға дейін барып жатады ғой. Оны көрген оқырмандары да отқа май құйғандай болып, комментті қып-қызыл талас-тартысқа айналдырып жібереді. Соны жазып жатқандардың көбі дінде әліпті таяқ деп танымайтындар, қарап тұрсаң.
 
Бұдан былай әлеуметтік желідегі осындай жағымсыз пост жазатындарды жауапқа тарту жағы қарастырылып жатыр екен. Әлеуметтік желі аузына келгенді айтатын орта емес. Оның да жазылмаған заңы, этикалық нормалары бар. Осыны түсінбей, елдің арасына жік (бүлік) салып, адамның жеке басына тиісіп кеткен жаңағыдай пост жазғандарды имамдар бұдан былай сотқа бермекші. Шымшық сойса да қасапшы сойғаны дұрыс. Сондықтан, ағайын, мұндай сыпсың сөз бен өсектен аулақ болайық. Тек жүрген – тоқ жүреді!
 
Жолымбет Мәкіш
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір