• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:44:08
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 NEWS

Йеменде алты аптадан соң азық таусылады

Йохан Мауидж Йеменнің астанасы Санада азық-түлік шамамен алты аптада таусылатынын айтты.

Йохан Мауидж Йеменнің астанасы Санада азық-түлік шамамен алты аптада таусылатынын айтты,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Time сайтына сүйеніп. Мауидж Йеменді азық-түлікпен қамтамасыз ету ұйымының директоры, бұл ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымымен жұмыс істейтін бірнеше ондаған топтың бірі.

Екі апта бұрын Сауд Арабиясы Йеменге блокада жасамас бұрын да жағдай ушығып тұрған еді. Ал қазіргі кезде «йемендіктер апатты күтіп, қатты алаңдауда» дейді Мауидж мырза.

Отын да аз, дейді ол, сондықтан терең су құбырларындағы су да жүрмей тұр. Таза судың болмауы - миллион адамның қорқынышын тудыруда. «Жанармай бағасы 160% -ға өсті», - дейді Мауидж мырза. Соңғы екі күнде судың бағасы екі есе өсті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір