• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 05:03:50
Алматы
+35°

13 Қараша, 2017 Мемлекеттік бағдарламалар

«Attila group»  компаниясы жариялаған «40 сағатта 10 миллион теңге тапқыңыз келе ме?» байқауының уақыты аяқталды. Ресми еш қатысушы тіркелген жоқ. Тек Жолдас Нұрсұлтан (Малайзия), Беделбек Сайланбек сынды азаматтар хабарласып, қазақ әліпбиінің конвертерін жасаумен бірнеше жыл айналысып келе жатқандарын, сапалы конвертер жасау үшін қиындықтардың көп екенін жеткізді. Сонымен бұл тақырып турасында бірнеше деректі жариялаймыз:

1. Биылғы тамыз айында Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұсынысымен «Attila group» компаниясы «qazlatyn.kz» сайтын іске қосқан. 11-ші қыркүйекте Парламент қабырғасында өткен Латын әліпбиі туралы тыңдауда осы конвертер негізінде баяндама жасау компания өкіліне жүктелді.

2. Парламент тыңдауында айтылған конвертер тақырыбы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының назарына ілігіп, сапалы конвертер жасауға қаржылық смета жасалды.

3. Жақында Үкімет тарапынан Латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінің конвертерін жасауға 56 млн. теңге қарастырылып жатқаны хабарланды.

4. Өздерін программист деп атаған Рымбек Ізғали, Аршат Ораз, т.б. азаматтар конвертер жасауға «ешқандай қаржы кетпейтінін», «2 сағат уақыт жеткілікті екенін», «әліпбилерді бір-біріне конвертация жасау түкке тұрмайтынын» мәлімдеп, «Attila group» компаниясы мемлекетке жалған смета ұсынып отыр» деп кінәлады.

5. Әлеуметтік желілердегі осы пікірлерді ескере отырып, «Attila group» компаниясы «2 сағатта емес 40 сағатта конвертер жасаған адамға 10 миллион теңге сыйақы беретінін» жариялады. Нәтижесінде ешқандай программист бұл байқауға қатыспады. Тек Рымбек Ізғали мырза фейсбуктегі жеке парақшасында «идеал конвертер жасау мүмкін емес» деген пікір айтты.

6. Бір анығы — қазіргі уақытта қазақ әліпбиінің конвертерін жасауға Үкімет тарапынан 56 млн. түгілі 56 теңге бөлінген жоқ.

7. «Attila group» компаниясы өз кезегінде әлем қазақтарына ортақ, сапалы конвертер жасауға 560 млн. теңге бөлінсе де көптік етпейді деген пікір ұстанады. Өйткені қазақ әліпбиінің конвертері мемлекеттік тіл мәртебесіне, «әлем қазақтарының рухани тұтастығына»(Н.Назарбаев), ұрпақ сабақтастығына, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысты. 

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақстан – әлемдегі бар қазақтың Отаны. Ендеше дүниежүзіндегі 17 миллион қазақтың қажеті үшін жасалатын конвертер аты бар, заты жоқ, уақыттық, көз алдайтын дүние болмауы тиіс.
Мемлекеттің әр тиынына алаңдаған азаматтар әр қазақтың да мүддесін қағыс қалдырмағаны жөн!

 

«Attila group»  компаниясы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір