• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:52:15
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 IT

Яндекс.Браузер қазақстандықтарға компьютермен сөйлесуді ұсынады

Windows-қа арналған Яндекс.Браузерде Яндексте жасалған, дауысты түсінетін көмекші – Алиса пайда болды.

Windows-қа арналған Яндекс.Браузерде Яндексте жасалған, дауысты түсінетін көмекші – Алиса пайда болды. Енді адамдар браузердегі және компьютердегі көп жұмысты жылдамырақ атқара алады – дауыстап тапсырма беріп, сүйікті әнін қоса алады, ауа райы болжамын, жаңалықтар мен валюта бағамын сұрай алады, сайттар мен программаларды аша алады, компьютерді сөндіріп немесе қайта қоса алады.

Яндекс.Браузер дауысты ұғатын көмекшісі бар алғашқы браузер атанып отыр. Әзірше бұл – алғашқы қадам ғана, бірақ қазірдің өзінде компьютермен тірі адамдай сөйлесуге – әңгімелесуге немесе оған өтініш айтуға болады. Мысалы: «Алиса, бешбармақтың рецептін айтып жіберші», «Соңғы жабылған қосымша бетті ашшы» немесе «Дыбысты өшірші» деп тапсырма беруге болады. Алиса барлық адаммен, әсіресе, балалармен оңай тіл табысады: ол көп ойынды біледі және қалаларды атаудан немесе сөз құрастырудан сайысқа түсуге дайын.

 «Адамдар дауысты технологияларды әртүрлі жағдайда қолданады: дауыстап айтып, жүру бағытын түзеді, бір жаққа кетіп бара жатып, әлденені іздей салады, колл-орталық роботтарымен сөйлеседі. Дауыспен басқару – адамның техникамен қатынасының ең табиғи әрі қарапайым тәсілдерінің бірі, сондықтан біз Алисаны Яндекс сервистеріне қостық. Ол қазір смартфоннан миллиондаған адамға көмектесіп отыр, енді компьютерге ауысады. Келешекте ол түрлі құрылғыдан адамның толыққанды әрі жеке ассистенті болуға талпынады», - дейді десктопқа арналған Яндекс.Браузер жетекшісі Роман Иванов.

Алиса қазір Windows-қа арналған Браузердің жаңа нұсқасында. Онымен әңгімелесуге, ал бұған мүмкіндік жоқ кезде, жазбаша тілдесуге болады. Егер қолданушы дауысты түсінетін көмекшіні мүлдем қажет етпесе, оны браузердің баптауынан алып тастау оңай.

Айта кетейік, Алиса — нейрон желілері технологиясы негізінде жасалған, дауысты түсінетін ақылды көмекші. Алиса аяқасты шешім қабылдай алады және өзіне тән мінезі бар. Оны iOS және Android құрылғыларында, сонымен бірге Windows-қа арналған Яндекс.Браузерде қолдануға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір