• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:13:48
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2018 IT

Яндекс.Браузер майнингке қарсы қорғанысты күшейтті

Браузерге кіріктірілген Протект технологиясы қолданушыларды интернетте тап келетін барлық қауіптен қорғайды.

Яндекс.Браузер майнинг скрипттерін бірден анықтап, бұғаттауды үйренді. Майнинг скрипттері – сайттардың ішіне кіріп алып, қолданушылардың есептеу ресурстарын криптовалюта өндіруге астыртын пайдалануға мүмкіндік беретін мини-программалар. Скрипті бар сайттар сырттай еш күмән туғызбайды, бірақ адам сайтты қарап жатқан кезде оның компьютері немесе смартфоны майнинг есептеулеріне қолданылып кетеді. Соның салдарынан орталық процессорға артық жүк түседі: құрылғының жұмысы баяулап, энергияны көп шығындайды және қыза бастайды.

«Браузер арқылы майнинг жасау қолданушы отырған жүйеге өте жағымсыз әсер етеді, - дейді десктопқа арналған Яндекс.Браузер жетекшісі Роман Иванов. – Майнерлер әр процессор ядросы қуатының жүз пайызына дейін жаулап ала алады. Оның үстіне, Яндекс.Браузер міндеттемелер диспетчерінде орталық процессор құрылғысына түсетін ауырлық 100%-дан асып кетуі мүмкін, себебі бұл жағдайда әр ядро үшін көрсеткіштер қосылған күйде есептеледі».

Яндекс.Браузер сайттарды қарау кезінде процессорға қаншалықты жүк түскенін талдай алады. Сайтқа салмақтың көп түскені – оған майнинг скрипті қосылуы мүмкін деген дабыл. Егер тексеру барысында скрипт орнатылғаны анықталса, Браузер оны бұғаттайды. Сайт жұмыс істей береді, бірақ майнерлер қолданушылардың құрылғысын өз мақсатына пайдалана алмайды.

Яндекс.Браузер қолданушыларды майнингтен қорғауды 2017 жылдың қарашасында бастады. Ол кезде команда майнерлер қолданатын скрипттер тізімін жасады да, Браузерді оларды бұғаттауға «үйретті». Жаңа скрипттер апта сайын пайда болып жатады, сондықтан тізімді үнемі толықтырып отыру қажет. Енді Браузер бұл жұмысты қолданушының орталық процессорына түскен жүкті талдай отырып, өздігінен атқарады. Бұл тәсіл жаңадан пайда болған скрипттерге мейлінше жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.

Майнингке қарсы күшейтілген қорғанысты бүгіннен бастап Яндекс.Браузерде барлық платформа бойынша: iOS пен Android базасындағы компьютерлерде де, мобильді құрылғыларда да қолдануға болады.

Яндекс.Браузер 2012 жылы іске қосылды. Браузерге кіріктірілген Протект технологиясы қолданушыларды интернетте тап келетін барлық қауіптен қорғайды. Ол сайттар мен файлдарда вирустың бар-жоғын тексереді, алаяқтардың парақшасын бұғаттайды, парольдер мен банк картасы мәліметтерін қорғайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір