• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:49:30
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 Әлем

Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы Думадағы шабуылға қатысты мәлімдеме жасады

Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы дүйсенбіде Дума қаласына жасалған шабуыл жайында қажетті ақпарат жинап жүргенін мәлімдеді.

Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы дүйсенбіде Дума қаласына жасалған шабуыл жайында қажетті ақпарат жинап жүргенін мәлімдеді.

Деректерге сүйенсек, сенбідегі шабуыл салдарынан ондаған адам көз жұмған. Ұйым басшысы Ахмет Узумку 7 сәуірде Думаға жасалған шабуылға алаңдаушылық білдіріп, улы заттардың жаһандық бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Сенбідегі шабуылдың саларынан 60-қа жуық адам қаза болып, мыңдаған адам жараланды. Бұл туралы Сирия медициналық көмек тобы хабарлаған. Медициналық ұйым одағының деректерінде қаза тапқандардың саны артып келе жатқаны айтылған. «Зардап шеккендердің саны артып келеді. Қызметкерлер жүздеген адам тығылып үлгерген жер асты аудандарға кіріп, көмек көрсеткен», - делінген мәлімдемеде.

Сирия оппозициясы Башар Асадтың билік күшін ондаған адамға ажал құштырған химиялық қаруды қолданды деп айыптады. АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, химиялық шабуылға Ресей мен Иранды айыптап, өтемі ауыр болатынын ескертті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір