• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:52:57
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2018 Спорт

ХХIII Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы басталды

Қазақстанның көк Туы біздің делегацияны шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтың бастап шығады

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХIII қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды,  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

XXIII қысқы Олимпиада ойындары 2018 жылдың  9-25 ақпанында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтеді. Бұл Оңтүстік Кореяда өтетін алғашқы, Азия құрлығында Саппоро (1972) мен Наганодан (1998) кейінгі үшінші қысқы Олимпиада ойындары болмақ.

Жалпы, бірегей спорттық шараның ашылу салтанаты спортшылардың шерумен жүріп өтуі, ресми өкілдердің сөз сөйлеуі - бәрін қосқанда шамамен 2 сағатқа созылады.

Ұйымдастырушылар бұған дейін хабарлағандай, аталған мерекенің даярлық жұмысына 300-ге жуық адам қатысады.

Қазақстанның көк Туын ұстап,  делегацияны  шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтың бастап шығады.

Айта кетсек, Олимпиадаға Қазақстаннан 49 спортшы 57 жолдама жеңіп алды. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Олимпиадада жалпы 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір