• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:18:06
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 NEWS

XVII ғасырда салынған үйде түсініксіз мақұлық видеоға түсіп қалған (видео)

51 жастағы Марк команданың тағы бір мүшесі өзге бөлмеге кіргенде камераға өкірген дауыс жазылғанын айтады

Паранормал құбылыстармен айналысатын мамандар видеода елестің дәлізде жүгіргені анық көрінгенін айтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Видеоны елес аңдушылар Йоркшир графтығындағы қараусыз қалған зәулім үйлердің бірінде түсірген. Бұл үй XVII ғасырда салынған екен. 

"Біз оны көрген жоқпыз, тек жазбаны тексере келе байқадық. Видеода қара көлеңке сияқты бейненің операторға қарап тұрып, кейін қашып кеткені көрінеді. Жергілікті тұрғындар бұл зәулім үйде түсініксіз жайттар болатынын ескерткен, расында да солай екен", - дейді мамандардың бірі Марк Вернон.

Сонымен қатар, 51 жастағы Марк команданың тағы бір мүшесі өзге бөлмеге кіргенде камераға өкірген дауыс жазылғанын айтады. 

Алайда Желі қолданушыларының көбі мұны елес емес, жай ғана көлеңке немесе камера объективіне түскен сәуленің шағылысуы екеніне сенімді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір