• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:12:18
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2018 NEWS

XV Еуразиялық Медиа Форумның жұмысы аяқталды

Форумның жабылу салтанаты Дариға Нұрсұлтанқызының қорытынды сөзімен аяқталды.

2018  жылдың 22-24 мамыр күндері Алматы қаласында «Эволюцияның 15 жылы: әлем өзгерісі мен бізді өзгертуі» тақырыбында  өткен XV Еуразиялық Медиа Форумы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі форумның баспасөз орталығына сілтеме жасап.

 Жалпы үш күнге созылған форум 60-тан астам елден 500-ден аса делегаттарды жинады. Әлемдік сарапшылар форумға оң пікірін білдіріп, орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы деген баға берді.

Бұл ретте форум өз миссиясын толығымен орындады деп айтуға негіз бар. Себебі,  Қазақстанның, Еуразияның, тіпті бүкіл әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелері осы форум алаңында талқыланды.    

Форумның жабылу салтанаты Дариға Нұрсұлтанқызының қорытынды сөзімен аяқталды. Ол осы үш күнді қазіргі медианың көкейкесті мәселелеріне қатысты қызықты  пікірталас және талқылаумен есте қалатынын жеткізді. Сонымен қатар, он бесінші форумның ерекшілігіне тоқталып өтті.

«Біз соңғы он бес жылда бұқаралық ақпарат құралдары бастан кешкен өзгерістерді бағалауға, ой елегінен өткізуге тырыстық. Өзгерістер түбегейлі. Форумдағы пікірталас осы тұжырымды дәлелдеп берді. Сондай-ақ, Он бесінші мерейтойлық Еуразия Медиа Форумы біздің басты жетістігіміз, біздің басты құндылығымыз – сіздер, форумға қатысушылар, спикерлер мен модераторлар», - деді ол өз сөзінде.

Іс-шараның бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамына, барлық шетелдік және отандық БАҚ өкілдеріне, спикерлер мен ұйымдастырушыларға, сондай-ақ еріктілерге алғысын айтып, сөзін тәмамдады. 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір