• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:33:53
Алматы
+35°

27 Желтоқсан, 2017 Тарих

Хауана есімін қалай түсінеміз?

Есік қорғаннан табылған 26 таңбаның  берген мәліметтері өте қомақты.

Бүгінгілер Хауана атаған қасиетті әженің шынайы есімі Хабиба екен. Оның Хауана аталуына себеп болғаны мынандай жағдай:

 Адам Атаның бауырында өскен кіші Найман есімді жігіттің 32 ұлы Хабиба Ананың бауырында болыпты. Сол немерелерге бола бұл Ананы сырттағылар былай атаған:

ХАААУУУМТИТИТИ АҢАИТИТИТИ ЧТИТИТИ — қысқаша ХАУМАҢАЧИ аталған. Уақыт өте келе «ң» дыбысын айтқысы келмейтіндер көбейіп, бұл ХАУМ АНАсына айналған. Одан кейін де қысқартып, ХАУМ АНА болып бүгінге жетті. Бұндай мәліметті біз қайдан алдық? 

 Адам Ата мен Хауананың өмір сүрген түпкілікті орны тарихтан белгілі ТАЛГОООРИ болған. Ол орынды қазіргі кезде Талғар атаймыз. Бұнымен іргелес Талхиз қалашығы болған. Қазіргі археологтар иелік етіп жүрген Талхиз орны алапат жер сілкіністе батып кеткен сол қаланың 1/3 территориясы ғана. 7000 жылдық тарихын атап өткелі тұрған, бүкіл халқымен бірге жым-жылас боп батып кеткен бұл қаладан қазірге жеткен несі бары белгісіз.

Бұның бәрін бізге Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуы айтып тұр. Ол жазуды оқып, шифрын ашып, тексін ашуға итермелегені біздің негізгі мамандығымыз. Физика-математика саласындағы аса бір көрнекті бөлім оптика ғылымымен айналысу күміс зереншедегі жазуды оқуға мүмкіндік берді. Ондай аса күрделі жұмыс кезінде біздің арқа сүйегеніміз бүкіл әлемдік деңгейдегі ең атақты ғылыми-зерттеу орталығы, сол кездегі Ленинградтың академик С.И. Вавилов атындағы оптика институты болатын. Жалпы алғанда оптика ғылымы өте ерте заманнан бері келе жатқан, болашағы зор сала. Сол ғылымның көмегімен анау күміс зереншедегі таңбалардың шифрын ашып, тексін алдық. Бірақ та сол текстің тілі дүниедегінің ең қиыны болып шықты. Әйтсе де отыз жыл бойы толассыз еңбектенудің нәтижесінде оны да игеруге мүмкіндік туды. Онымыз нағыз тозақты жұмыстың өзі еді.  

Есік қорғаннан табылған 26 таңбаның  берген мәліметтері өте қомақты. Қазақтың ғана емес, бүкіл  жер бетіндегілердің игілігіне арналған, болашақ үшін керекті ғылыми-техникалық мәліметтері көп. Оқырманға біздің айтайық дегеніміз, Адам Ата мен Хауананың кезіндегі өмірде өсіп-өніп, балалы болудың сонша қиынға түскендігінде. Әрбір ана бір баладан артық көтере алмаған. Оның өзінде жүктілікке үш ай толғанда ұстай алмай, тастап  қояды. Сонымен бірге өздері де мерт болып жатқан. Алғашқы өмірде өсіп-өнудің  өте қиынға соққанын Алтын адам жазуы баса көрсетуде. Тұңғыш баласын  туа алмай, мерт болған жас аналардың көптігі сонша, қазіргі жеріміздің кейбір орындарының жер қабатында сол аналардың тізбесі сақтаулы екен. Тұңғыш өмірдегі морг атауы солармен байланысты шығыпты. Қазіргі біздің мынау өмірде тамақ тоқ, киім жеткілікті болған соң балалы болу да онша қиын емес секілді көрінеді. Сондықтан бала мен ананың қадірін төмендеттік.

Жетім-жесірдің пайда болуы өмірдің азғындауын көрсетеді. Ерте дүниеде жердегі өмірді бастап берген Пайғамбар Бабалардың ыждаһатты қамқорлығының арқасында мынау жердің беті елді, жұртты болды. Дүниедегі ең қымбатты адам екенін бәріміз ұғып өстік. Енді міне, материалдық байлық үстемдікке жектенде лақтырып тастайтын сәбилер көбейді. Бұл дегенің  сұмдық оқиға. Пендені билеген азғындықтың белгісі. Ас ішуді білмейтін, киім-кешек атауымен жоқ ауыр жағдайда Хауана анау 32 немерені аман-есен өсіріп, тұтас халыққа айналдырды. Солардың ұрпағы қазіргі жетісулықтар ғана емес, бүкіл жер бетінде таралып жүр. Кісіні бағалаудың арқасында бүгінге аман жеттік.  

Егер де жер бетінде өткен үш дүркін топан су болмаса  мынау жердің үстінде  адам баласынан бос орын болмас еді. Топан судың ең соңғысы 41 тәулік толассыз болған да, жердің үстіндегі сықасқан аң мен құстарға дейін түгел сыпыра жойған. Жартастардың қуысына тығылып қалғандардан тараған жұрнақ тұқымы бүгінге жеткен аң мен құстың түрлері. Мынандай жаһандану кезеңіне жер бетіндегілердің жойылып кетпей, аман жеткені бір кездегі Адам Ата мен Хауананың тілегінен болар. Сол жақсы тілек ары қарай жалғасса, адамзат ұрпағы ертеңге жетеді. Біздің ортадағы әрбір ер-әйел айнала төңірегіне қатысты жақсы тілекті жас ұрпаққа үлгі етуі керек. Қатыгездік меңдеген орта ұзаққа бармайды. Бүкіл әлем бойындағы өмірдің мақсаты мейірімге негізделген.  

 

Мағрипа Жылқыбаева

физика-математика

ғылымдарының кандидаты, доцент,

Алтын адам жазуының құпиясын ашқан ғалым.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір