• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:03:08
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2018 Әдебиет

"Халықтан кешірім сұрайтындай Мұхтар қандай күнә жасап қойды?"

Ғалымдардың пікіріне жауап ретінде хат қоржынымызға ақын Кенжеғали Қошым-Ноғайдың өлеңі келіп түсті.

Күні кеше порталымызда М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдарының Мұхтар Шаханов жайында айтқан мәлімдемесі жарияланған. Ғалымдардың пікіріне жауап ретінде хат қоржынымызға ақын Кенжеғали Қошым-Ноғайдың «Ит үрді деп тоқтап қалмас керуен» атты өлеңі келіп түсті. «Қамшы» порталы еркін пікір алаңы болғандықтан, оны да жариялауды жөн көрдік.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Шыншылдықты қанмен бізге дарытқан,

Неге қазір қорқақтаймыз жарықтан?

Қандай күнә жасап қойды бұл Мұхтар,

Сұрайтындай кешірімді халықтан!?.

 

Кейбіреулер бақыт көрер құлдықты.

«Ішке бүгіп жатса» дейді сұмдықты.

Өнер боп па көрпе астында күңкілдеу,

Ерлік дер ем айта алу шындықты!

 

Шындық жетсе қай кезде де байтаққа,

Дауыл сынды жібереді шайқап та.

Шабалану қашаннан да итке тән,

Ермесе егер несі оның ит айтаққа?

 

Қасиеттер қонар бойға тегінен,

Оңар ма ЕР құндылықтан жеріген.

Махамбет те айтып өлген айтарын,

Ит үрді деп тоқтап қалмас керуен.

Кенжеғали ҚОШЫМ-НОҒАЙ

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір