• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:22:08
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2017 Оқиғалар

Халықаралық ұйым геноцидке қатысты жантүршігерлік мәлімдеме жасады

«Шектеусіз дәрігерлер» атты халықаралық ұйым Ракхайн штатындағы 25 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында болған геноцидке байланысты жантүршігерлік ...

«Шектеусіз дәрігерлер» атты халықаралық ұйым Ракхайн штатындағы 25 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында болған геноцидке байланысты жантүршігерлік ақпарат жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Аталған ұйымның мәліметіне сүйенсек, дәрігерлік көмектің арқасында 9 мыңға жуық адамның жағдайы жақсарды. Олардың 700-і кішкентай балалар екені белгілі болды.

«Қайтыс болған адамдардың 71,7%-ы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, 6,7 мың рохинджалық мұсылманның 5 жастан төмен 730 баланы қосқанда қасақана өлтірілгені белгілі болды», дейді халықаралық ұйым өкілі.

Сонымен бірге адамдардың көпшілігін қатты күйік шалып, қайтыс болған. Әрбір 10-ыншы рохинджалық мұсылман өз үйінде тірілей өртеніп, қаза тапты. Сонымен бірге рохинджалық мұсылмандардың 5%-ы ауыр соққының нәтижесінде көз жұмған.

Медициналық ұйымның басшысы Сидней Вонгтың айтуынша, қайтыс болғандардың саны әлі де көп болуы мүмкін. Бірақ Мьянма үкіметі тергеу жұмыстарын жасауға кедергі болып отыр. Сонымен бірге Бангладештегі босқындардың барлығы тізімделмеген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір