• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:51:43
Алматы
+35°

25 Қыркүйек, 2013 Саясат

Халықаралық өнер фестивалі Алматыда өтеді

Ағымдағы жылғы 3-4 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан

Ағымдағы жылғы 3-4 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан  Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастырумен шет елдерде тұратын отандастарымыздың халықаралық өнер фестивалі өткізіледі.

Фестивалдің негізгі мақсаты - шетелде тұратын қандастарымызбен мәдениет және руханият, сондай-ақ білім салаларындағы байланысты дамытып, олардың ұлттық әлеуетін арттыруды көздейтін мәдени-танымдық және ақпараттық-насихаттық сипатқа ие халықаралық өнер фестивалін ұйымдастыру болып табылады.

 Фестиваль аясында «Көк тудың желбірегені» атты жазба ақындар мүшәйрасы, термешілер сайысы, суретшілер көрмесін өткізу жоспарланған.

Фестивальге қатысушы өнерпаздармен бірге, шет елдердегі қазақ диаспораларының жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, танымал ақын, жазушылар қатысады деп күтілуде.

      Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігі басшылығының құттықтау сөзімен ашылып, еліміздің дәстүрлі өнер шеберлері және танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін қорытынды гала концертке ұласатын болады. 

        

 

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті

  

Өткізетін орны:                                                                  Өткізетін күні, уақыты:

Алматы қаласы                                                                    2013 жылғы 3-4 қазан

Ғ. Мүсірепов атындағы  Қазақ мемлекеттік                      сағат: 09.00-де                                       

академиялық балалар мен жасөспірімдер

театрының концерт залы                                                                                                              

      

Байланыс телефондары: 8/7172/ 74-04-56, 74-05-10, 74-05-09.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір