• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:04:11
Алматы
+35°

12 Қараша, 2017 Әлеумет

Халықаралық көрме өткізген қаланың тұрғыны киіз үйде тұрып жатыр

Елордалық колледждің студенттері су тасқынынан зардап шеккен отбасыға көмектесу үшін жапсырма мен шоколад сатып жүр

Елордалық колледждің студенттері су тасқынынан зардап шеккен отбасыға көмектесу үшін жапсырма мен шоколад сатып жүр, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасай отырып.

Колледж студенттері Астанада баспанасыз қалған отбасыға үй салуға қаржы жинап жатыр.   

"MeyrimdiAsyladam" қайырымдылық қорының еріктілері құрылыс бригадасымен есеп айырысу үшін өткен-кеткен адамдарға "Шипы" жапсырмасын сатуда.  

"Біз жапсырмалар мен білезіктерді, әр түрлі шоколадтарды айтарлықтай жоғары бағада – мың теңгеден сатып жатырмыз. Алайда егер бұл ақшаның қайда кетіп жатқанына қарасаңыз, бұл анау айтқандай көп сома емес. Біз Астанадағы Қырқыншы стансада киіз үйде тұрып жатқан отбасыға көмектескіміз келеді. Қажетті соманы жинауға екі күн уақытымыз қалды. Алты күннің ішінде 470 мың теңге жинадық, ал керегі –  500 мың", — деді қордың еріктісі Қылымбек Атагелдиев.

Қылымбектің айтуынша, ол қор туралы ЭКСПО көрмесінде ерікті ретінде жұмыс істеп жүргенде білген. Елордадағы қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің студенті сабақтан бос уақытында қайырымдылықпен айналысуға шешім қабылдапты.  

"Мұқтаж адамға көмектескім келіп жүретін. Біреуге қол ұшыңды берсең, ләззат аласың. Біздің қорда шот ашылған, тұрақты түрде есеп беріп тұрамыз. Егер кеңсеге 75 мың теңге алып барсақ, ол дереу құрылыс бригадасының карточкасына аударылады", — деп түсіндірді Қылымбек.

Қордың еріктілері жапсырмаларды қаланың әр түрлі бөлігінде, әдетте сауда-ойын-сауық орталықтарының жанында сатады.   

"Жалпы бұл жұмыста еріктілерге ақша төленеді. 12 жапсырма сатсаң, екі мың теңге аласың. Алайда біз тегін жұмыс істеп жатырмыз. Үйде компьютердің алдында отырғанша, адамдарға көмектескен дұрыс деп ойлаймын. Оқуға кедергі келтірмейді", — деді сөз соңында Қылымбек Атагелдиев.

Қазіргі таңда еріктілер су тасқынынан кейін баспанасыз қалып, киіз үйде тұрып жатқан Раушан Иманғалиеваға көмектесу үшін қаржы жинап жатыр.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір