• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:45:25
Алматы
+35°

22 Қараша, 2017 NEWS

Халық Банкі Қазкомды сатып жіберетіні рас па?

Үміт Шаяхметова мен Ульф Вокурка WhatsApp желісі арқылы таралған қауесеттер мен топ-менеджерлердің сыйақысы туралы айтып берді.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Халық банк Қазком үшін өтемақысын төлеп біткендігі белгілі болған. Оған қоса банк Қазкомның өзгелерден алған қарыздарын жабуға қыруар қаржы жұмсаған еді. Ал қарашада Халық банк тарапы тағы бір қиыншылықпен бетпе-бет келді. Әлеуметтік желіден Қазкомның банкроттыққа ұшырағандығы туралы жалған мәлімет тарап кеткен. Осы орайда Kapital.kz сайты Қазком басшылығының өкілі Ульф Вокурка мен Халық банктің басшысы Үміт Шаяхметовамен тілдескен. Бұл жөнінде Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады.


— Қарашаның басында WhatsApp арқылы Қазкомның жоспарланған банкротқа ұшырауы туралы қауесет тарап кеткен болатын. Ол кезде банк тарапы бұл ақпараттың негізсіз екендігін және қауесет таратқандардың кім екендігін анықтау үшін құқық қорғау органдарына мәлімделгені айтылған. Сіздің ойыңызша, жалған ақпараттың тарап кетуіне не себеп?

Ульф Вокурка: Банкроттық жөнінде айтар болсақ, бізді Bank RBK-мен шатастырып алған сияқты. Өйткені Қазком жөніндегі хабарламада Bank RBK да аталған еді ғой. Естеріңізде болса бұл ақпарат Bank RBK мен Qazaq Banki бірікпейтін болды, деген ақпарат тарап, екі апта өткеннен кейін пайда болған.

— Жалған ақпарат туралы құқық қорғау органдарына хабарладыңыздар, осы жөнінде айтсаңыз:

Ульф Вокурка: Расында да біз құқық қорғау органдарына хабарластық. Заң бойынша, біз осылай жасауға міндетті болатынбыз. Бірақ осы уақыт аралығында Қазкомға салынған депозиттердің жаппай алынып жатқанын байқадық. Бұл қауесет 3 қарашада, яғни көптеген компаниялар жұмысшыларға жалақы бөлген кезде тарап кетті. Ол демалыс күндеріне түсіп тұрғаннан кейін, клиенттердің ақшаны шешіп алуы ұлғаятындығын күткен едік. Осы жағдайда қаржы жетіспей қалмасы үшін Халық банкпен бірлесе отырып, банкоматтардағы ақша қорын әдеттегіден 10%-ға жоғары етіп қамтамасыз еттік. Осы арада қорқынышқа салынып, депозиттерін шешіп әкеткен салымшылар Казкомға қайта оралып жатыр.

Үміт Шаяхметова: Біздің клиенттер тарапынан ешқандай өзгерістер байқалмады және салымшылар депозиттерін алуға келген жоқ.

— WhatsApp-тан таралған мәліметтер бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің қай сатыда екендігінен хабардарсыз ба?

Ульф Вокурка: Өкінішке орай, жоқ.

— Қазіргі уақытта Қазкомның сатылымы жөніндегі мәмілелер жүріп жатыр ма?

Ульф Вокурка: Қазкомды сатып алу жөніндегі ұсыныстар келгенін естіген жоқпын, оның үстіне банкті сатып алатындардың нақты мақсаты болуы керек. Қазкомды бағалау үшін қаншама шаралар жүргізуге тура келетіндігін білесіз бе? Сондықтан Халық банкпен жүргізіліп отырған келісімшарт жарты жылдан астам уақытқа созылды.

Үміт Шаяхметова: Бізге Қазкомды сатып аламыз деген ұсыныстар түскен жоқ және директорлар кеңесінде де бұл мәселе көретілген жоқ.

— Халық банкі зейнетақы активін басқару үшін Қазақстандағы басқарма компанияларын да тартпақ екені белгілі. Осыған қатыса алатын еншілес құрылымдарыңыз бар ма?

Үміт Шаяхметова: Ия, әрине еншілесіміздің БЖЗҚ-н басқаруға қатысуын қалаймыз, бірақ қазір ондай нақты шешім шыққан жоқ.

— Бұрындары заң бойынша жеке тұлғалардың кредиті алынғанда банк мемлекетке жеке табыс туралы салық төлейтін еді. Ал салықтан уақытша босату 2014-2015 жылдары тек заңды тұлғалар үшін ғана рұқсат етілген.

Үміт Шаяхметова: 2018 жылдың қаңтарынан бастап, жеке тұлғалар алатын кредиттер үшін атаулы жеңілдіктер бөлінеді. Келесі жылдан бастап банктер жеке тұлғаның несиесін тізімге қосқанда 10% салық төлейтін болады. Біз осы артықшылықты көптен бері сұрадық, ақыр соңында дегенімізге жеттік. Бұрын біз несие берешегін тек банкротқа ұшыраған немесе қарыз алушының өліміне байланысты ғана жаза алатын едік.

— 2016 жылы сіздер банктердің «қатаң экономия режімінде болатынын» айтқан едіңіз. Осы жылы Халық банк топ-менеджерлерінің сыйақыларын төмендету жоспарда бар ма?

Үміт Шаяхметова: Жоқ, ондай күтілмейді, себебі біз жақсы жұмыс істеп жатырмыз. Бір айта кетерлігі, бұрындары Қазком топ-менеджерлерге 7 миллиард көлемінде сыйақы беретін, ал қазір ол жойылды. Осы үшін 2017 үшінші тоқсанында Қазкомның операциялық шығыны азайды. Жалпы алғанда, банк қазір тұрақталды және қызметкерлер бұрынғыдан да жақсырақ, бар ынтасын салып қызмет етуде. Мәселен, сенбі күні де топ-менеджерлер мен басшылық өкілдері жұмысқа шығады. Мен өзімнің орынбасарларыма кешкі 19.00-ден ерте жұмыстан шығуға рұқсат етпейтінімді айттым. Орынбасарларым 19.00-ге дейін жұмыста отыратынына сенімдімін және бұл артық сағаттар төленбейтінін ескере кеткім келеді. Өйткені жыл аяқталуда және банк қызметкерлері үшін бұл өте қарбалас уақыт. Оған қоса банктің болашақ жоспары туралы мәселені қарастырып жатырмыз.

— Қазкомның акциялар пакетін Кеңес Рақышевтан сатып алғаны белгілі. Ол Қазком басшылығына тікелей қатысады ма?

Үміт Шаяхметова: Қазіргі уақытта қатыспайды.

— Ол жанама басқаруға, басшылыққа кеңес бере алады ба?

Үміт Шаяхметова: Жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір