19Тамыз

«Хабар» дауы: Ринат Кертаев пен Бибігүл Дәулетбекқызы неге келіспеді?

«Хабар» дауы: Ринат Кертаев пен Бибігүл Дәулетбекқызы неге келіспеді?
Ⓒqamshy.kz

Белгілі журналист, бірнеше жобалардың авторы Бибігүл Дәулетбекқызының әріптеcтеріне деген өкпесі қара қазандай. Осыдан бірнеше күн бұрын журналист бүгінгі қазақ журналистикасы жайында өзінің Фейсбуктегі парақшасында  жазған еді. Жазбасына назар аударсақ, жеке меншік емес, мемлекеттік арналардағы былықтарды жайып салып, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың назарын өзіне бұрды. Одан бөлек «авторлық жобамды көшірді» деп, әріптесі, «Хабар» агенттігі төрағасының орынбасары Ринат Кертаевты айыптады. Хат мазмұны мынадай:  

«Айтпақшы, осында бір жеңіл жүрісті қазақ қызы Фыбыда тікелей эфир жүргізіп жүріп, отандық көгілдір экранға шығып кетті деген сөзді естідім. Сонда бұл - ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ өлгені ме?! Әншілерден құтыла алмай жатқанымызда, енді қалмағаны жын-ойнақ па? 
Телеарнадан шыққан әрбір жүргізуші - халықтың айнасы. Сонда путаналарды осылай эфирге шығарса, жеткен жеріміз осы екен де. 
Дәурен Абаев мырза тым бос жіберіп қойған жоқ па журналистика саласын деген ой кетеді кейде. Неге эфирдің жүргізушілерін қадағаламайды? Неге эфирде жеңіл жүрістілер қаптап барады? Оларды көрген жас көрермендер еліктейді ғой. "Ана апайымыз 2 рет күйеуге шығыпты, мына жүргізуші тоқалы екен. Мынау болса күйеуінің көзіне шөп салып, ақыл айтуда. Менің одан қай жерім кем?" деген түйсік қалыптаспай ма?
"Рейтинг, рейтинг" деп, жастарымызды улап жатқан секілдіміз. Идеология жоқ. Баяғыда өліп қалған. Осындай даңғаза-шу бағдарламалардан гөрі, неге педофил, суицидтің алдын алу туралы көрермен қызығып қарайтын хабарлар ашпасқа? Қазіргі БАҚ-тың айтатыны - "жол апаты", "педофил кішкентай қызды зорлапты", "қыршындай жігіт өзін-өзі көпірден лақтырды", "пәленшені соттапты, анау өзін өртепті" т.б. 
Бір тұщымды хабарлар жоқ. 
Салмақты хабарымды шығарғым келген еді 2-3 жыл бұрын. Хабардағы Ринат Кертаев "Ай-хай, 25" ток-шоуымды, "Пай-пай, 25" етіп өзгертіп, айды аспанға шығарып, эфирден көрсететінін де былтыр осы Фейсбуктан білдім(Ринатты айтамын да "сүйіншілетіп" қояды). Бірақ, басы біраз дауға қалды. Ол бағдарламаның авторы мен екенін әріптестерім жазды. Алайда, Ринат мырза менің нөміріме хабарласып:
- Бибігүл, келісімге келейік, өтініш?! Екеуміз қазір бет жыртысқаннан ештеңе өнбейді,- деп, мені кездесуге шақырды. 
"Болары болып, бояуы сіңіп" кеткен хабарымды иемденгенін білгенімде, әрине қатты ызаландым. Жылап та алдым. Бірақ, Ринат 2016 жылғы бюджеттен ақша қарастырып, басқа бағдарламаларымды сатып алатынын айтқаннан соң, бітімге келдім. Алайда, кабинетінде қолын беріп, уәдесін айтқан Ринат Кертаев "еркектік" сөзінде тұрмады. Міне, бұл бір ғана мысал.
Мен секілді талай журналистердің тауы шағылып жатқаны қаншама? Ринаттың ұяты білсін. Бұл дүниеде - атақ-мансап мәңгілік емес! Өмір - алма-кезек. Бүгін креслода ол отырса "қонжиып", ертең мен отырамын. Бүгінгі күнмен өмір сүрген телеарна басшыларының талайын көрдім. Қазір шіреніп отырады, ертең бүгіліп кетеді. Кеше ғана зәрін төгіп, қаһарланғандардың да, ертесіне мәймөңкелеп кететінін де уақыт көрсетті. 
"Бибігүл айналайын, өсектің жетегінде кеттім, ағаңды кешір", - деген басшыларым да болды. 
Мен кешірімдімін. Бірақ, идея ұрлаушылардың өмірі керемет болып кететініне сенімсізбін. Сол плагиатшыларға 2010 жылы шыққан Францияның "БЕЗ УЛИК" деген фильмді көруге кеңес беремін. Бірақ ондағы кейіпкердің адамгершілігі бар, ұяты жібермей, талай жылдар бойы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады. Біздікілер секілді "бір күндікпен" өмір сүрмейді. 
Эфирдің ластануына да осындай басшылар кінәлі. Олардың бастарында тек - рейтинг тұр. Авторлық құқығымыз баяғыда тапталған. Басында идеясы жоқ, плагиатпен жұмыс істейтін қазақ басшылары тұрғанда, осылай телеарналар құрдымға кете бермек... 
Бұл деградация!»

Халықтың көзі болған Хабар арнасында орын алып жатқан «былықтарғай өзге журналистер де құр қарап отырмады. Белгілі журналист, бүгінде «Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңес хатшысы Арман Сқабылұлы өз пікірін білдірді.

«Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев мырзаға!
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде телеарналардағы былықтар жайында адамшошырлық жазбалар жарық көруде. Бәрі де мемлекеттік арналарға қатысты. Егер көмекшілеріңіз жасырып қалған болса, Бибігүл ДәулетбекқызыҚуандық Шамахайұлы , Айгүл Орынбек жəне менің парақшаларымызға кіріп көріңіз. Журналистикаға қатысы жоқ адамдардың эфирді жаулауы, білдей бір арна басшыларының бірінің идея ұрлап, плагиаттықпен айналысуы, ұлт тарихы мен дәстүріне қатысты сериалдарды ("Қозы Көрпеш Баян сұлу", "Қарасай батыр") ана тілінен мақұрым, тарих, дәстүрді білмейтін пысықтардың алуы деген мәселер қазір қызу талқылануда. Жекеменшік арналар болса мұндайда үнсіз қалуға болады. Ал, салық төлеушілердің-халықтың ақшасына күнін көретін мемлекеттік арналарда бұлай істеуге болмайды. Бұл-қылмыспен пара пар! Осы уақытқа дейін Сіз бір өзгеріс жасар деп күттік. Өкінішке орай, өзгеріс жоқ! Аутсорсинг деген бәлені телеарнадағы аттөбеліндей топтың қолына беріп қоюға болмайды, министр мырза! Ең құрығанда осы мәселені шешіңіз. Ашық пікірталастан қашпайтын министр болып көрінуге тырысып жүрсіз. Ендеше ондай сайысқа біз дайын!»

«АЙ-ХАЙ, 25» ПЕН «ПАЙ-ПАЙ, 25» ТУРАЛЫ...»

Бибігүл Дәулетбекқызы тарапынан айтылған базынаға өзінің тікелей қатысы болғандықтан, Ринат Кертаев әлеуметтік желідегі парақшасында өз жауабын ұсынды:

«Біріншіден, «Хабар» Агенттігінің Көркемдік кеңесіне Бибігүл Дәулетбекқызынан «Ай-хай, 25» деген атпен ешқандай бағдарламаның жобасы ресми ұсынылған жоқ. Бірақ, менімен кездесуінде бірнеше жобасымен қатар «Ай-хай, 25» турасында да ауызша баяндағаны рас. Былтыр, яғни Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ширек ғасыр ішінде еліміздің жеткен жетістіктері көрсетілетін басқа да жобалар Көркемдік кеңеске ұсынылған болатын. Соның бірі – «Fresh TV» компаниясының идеясы. Бағдарламаның авторлары және сценаристері – Әсел Қайролла және Алмас Тоқабаев. Аталған авторлар және өндіруші компания бағдарламаның атауына қатысты мынадай ұсыныстар берген: «Өскен өркен», «Пай-пай, 25», «Ширек ғасыр». Көркемдік кеңестің шешімі бойынша аталған жоба эфирге шығаруға лайық деп танылып, оның «Пай-пай, 25» деген атауына тоқтаған болатын.

Екіншіден, «Пай – пай, 25» жобасы авторлық құқық талаптарына толықтай сай жүзеге асырылған бағдарлама. «Fresh TV» компаниясы бағдарлама жасау және прокат талаптарына сай «Хабар» Агенттігіне бағдарламаның авторлық құқықтарын тапсырды. Авторлық құқық саласындағы заңнама талаптары толықтай сақталған және «Хабар» Агенттігіне тиесілі.

Әрине, «Пай – пай, 25» деген сөздің «Ай-хай 25» деген сөзге ұқсастығы бар болғанмен, құрылымы мүлдем басқа. Біздің арнадан өткен бағдарламада ел өміріндегі елеулі оқиғалардың жай-жапсары жан-жақты баяндалды. Студияға келген танымал тұлғалар (саясаткерлер, спортшылар мен зиялы қауым өкілдері) өз естеліктерімен бөлісіп, еліміздің өткені мен келешегін талқылайды. Осылайша, Бибігүл Дәулетбекқызы ұсынған «Айхай 25» жобасымен ешқандай ұқсастығы жоқ және бұны менімен кездесуінде өзі де мойындаған болатын. Қажет болған жағдайда, Агенттік заң жүзінде өз құқығын қорғап шығуға дайын.

Бибігүл Дәулетбекқызының осы жазбаларынан тек бір ұйғарымына толық келісемін. Ешқандай қызмет те, мансап та мәңгілік емес. Мен үшін халықтың мүддесі алғы орында. Сондықтан, бұл мүдде жолында кіммен болсын, кездесуге дайынмын, қандай идея болсын қарастыруға әзірміз. Біздің Агенттікке қарасты эфирден өтетін жобалардың бәрі Көркемдік кеңесте қаралатынын ескерткім келеді. Жобаны қарау я оны эфирге жіберу бойынша шешімді мен жалғыз қабылдамаймын. Тағы да қайталап айтамын, мемлекетшілдік сананы бекітетін, азаматтық қоғамның деңгейін арттыратын, әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін көтеретін кез-келген жобаны қарастыруға әзірміз».

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 1 апта бұрын

    Ащы шындық. Расында телеарналар көшірме каналдарына айналып кеткен. Қате көп, сөйлеу мәнерлері сауатсыз жүргізушілер жетерлік. Ринаттың өзі журналист емес, ол қайдан білсін. Өзі басшы болған соң бәрі керемет деп ойлайды. Олай емес, айналайын, көзілдірігіңді шешіп, көрермен көзімен қарап көр. Құсқың келеді. Экранда не жоқ дейсің? Тәрбиесіз дарақы кұлкі, экран мәдениетінен жұрдай далақтаған жабайы бірдеңелер... Әбден көре көре жауыр болған әрістер.... Телевидениедегі хабарлардың көпшілігін солар жұргізеді. Ауыл үйдің ошақ қасындағы әңгімелерін миллиондардың назарына ұсынады. Бқдан не ұтамыз. Кейбір әртістер республикалық телевидениені өздерінің меншігіндей көріп, тышқан сигеніне дейін баяндап жатады. Осы кімге керек? Кертаев пен Абаевқа ма? ТВ да идеология жоқ....

  • 6 күн бұрын

    Ринат қырық өтіріктегі тазша бала нағыз сен болдың ғой. Талайлардың жобасын ұрлағаныңды сен ұмытқанымен басқалар ұмытпады. Бибігүл Дәулетбекқызын бұрын иттің етінен жек көретін едім. Қазір бұл қызға деген көзқарасым 180 грасуқа өзгерді. Менде өсекшілердің өсегінің жетегіне кетіппін ғой. Бұл қыз мына отырған біз секілді еркектердің жүзін орап алады екен. Бас, Бибі, бас! Жарадың сен! Мен сенің алдыңда басымды идім, алтын қыз! Мына суайттың өтірігін кім шығарады деп жүрген едім. Айызым қанып, к***нің қышуы қанғандай болды. Кіші жүздің текті ұрпағынан шыққаныңды дәлелдедің. Сенің бұрынғы ата жауың найман әріптесің, бүгін сенің алдында басындағы шапкасын лақтырды. Тек сынбашы, қалқатай!

  • 6 күн бұрын

    ГЕК мырзаның - айтқандары өте дұрыс - тіпті көпшілігін сыпайылап айтыпты. Жалпы қазақ ТЕЛЕАРНАЛАРЫ - кешегі КЕҢЕС кезеңінің жұлығына да тұрмайды. Бұл қандай ТӘУЕЛСІЗДІК айтыңдар шы ?.. Мүлдем ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯДАН - АДА ... болғанда соншалықты мәдениетсіздікке бой алдырып... не ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ мен ТӘЛІМНІҢ сұлабасы да жоқ !!.. ДИКТОР атаулы да - не дикция... не мағаналы ұғым мен көркем сөйлеуді білмейді. Бүйтіп " рухани жаңғырмақ" түгіл... ұрпақ өте қатты азғындау да !... Бір-бірімен орысша сөйлескен ЖАСТАР, әсіресе қыз атаулы шүлдірлеп... ауыздарында ТЕМЕКІ тістегендер де есеп жоқ !!.. ҮКІМЕТ - заңмен тоқтатпаса - САНАНЫҢ бұзылғаны соншама... ертең бұлардан қандай АНА шықпақ шы ?.. Қазір 1960 жылмен салыстырған да... АУРУДЫҢ САНЫ - 12-- 13 есе өсіп... 1700-ді көрсетсе, БАЛАНЫҢ МҮШЕ дерті 0,2 % - дан - 46-47 % - ға өсіп кетті. Сонда, мұны ҮКІМЕТ басындағылар білмей отыр ма ?.. ДЕРЕУ парасатты шешімдер керек ?!..

1
NASA жерге құлап келе жатқан астероидтың видеосын жариялады
19/08 12:59 0 1067
2
Ресейлік ФСБ қызметкерлері мигранттарды тыңшы болуға үгіттеуде
19/08 12:21 0 232
3
Путин: «Әлем терроризмге қарсы күш біріктіру керек»
19/08 12:18 0 106
Германияда белгісіз адам жұртқа пышақпен шабуыл жасады
19/08 12:05 0 76
Обаманың пікірі интернет тарихындағы ең танымал пікірге айналды
19/08 12:01 0 300

Таныстырылғандар

«Хабар» дауы: Ринат Кертаев пен Бибігүл Дәулетбекқызы неге келіспеді?
«Хабар» дауы: Ринат Кертаев пен Бибігүл Дәулетбекқызы неге келіспеді?

«Хабар» дауы: Ринат Кертаев пен Бибігүл Дәулетбекқызы неге келіспеді?

Белгілі журналист, бірнеше жобалардың авторы Бибігүл Дәулетбекқызының әріптеcтеріне деген өкпесі қара қазандай.
12/08/2017 11:04 4 1750
Астана әкімі құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Астана әкімі құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Астана әкімі құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Әсет Исекешев маңызды кәсіп иелеріне зор денсаулық, ашық аспан тіледі.
12/08/2017 12:32 0 496
Қазақстандық әйел Шешенстан президенті Қадыровтан көмек сұрады
Қазақстандық әйел Шешенстан президенті Қадыровтан көмек сұрады

Қазақстандық әйел Шешенстан президенті Қадыровтан көмек сұрады

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, үлкен әжей Рамзан Қадыровтан Сириядағы қызы мен немерелерін қайтаруын сұрады.
14/08/2017 14:06 0 2049
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС  Бас директоры тағайындалды
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры тағайындалды

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры тағайындалды

Джаболдинов Асқар Сергеевич «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды
Аудио тыңдау
14/08/2017 15:29 2 1267
Трамп мерзімінен бұрын 17 күндік еңбек демалысына шықты
Трамп мерзімінен бұрын 17 күндік еңбек демалысына шықты

Трамп мерзімінен бұрын 17 күндік еңбек демалысына шықты

Дональд Трамп негізінен 17 күн демалу керек болатын. Бірақ жұмыс кестесіне қарай Ақ үй 10 күндік демалыс қана берді
15/08/2017 08:48 0 335
КХДР президенті әскерилерге соққы жасауға дайын жүруге бұйрық берді
КХДР президенті әскерилерге соққы жасауға дайын жүруге бұйрық берді

КХДР президенті әскерилерге соққы жасауға дайын жүруге бұйрық берді

Солтүстік Корея БҰҰ ҚК санкцияларына қарамастан АҚШ-тың әскери агрессиясы мен оның одақтастарынан қорғануды желеу етіп өз сынақтарын тоқтатар емес
15/08/2017 08:52 1 1019
Нью-Йорк тұрғындары Трампқа қарсы наразылық білдірді
Нью-Йорк тұрғындары Трампқа қарсы наразылық білдірді

Нью-Йорк тұрғындары Трампқа қарсы наразылық білдірді

Бірнеше уақыт өткен соң полиция қызметкерлері наразылық білдіргендерді ұстады. Нақты айтсақ, 3 адамды қолға түсірді
15/08/2017 12:34 1 441
Алматыда азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен қаланы дамытуға қаржы бөлінді
Алматыда азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен қаланы дамытуға қаржы бөлінді

Алматыда азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен қаланы дамытуға қаржы бөлінді

Алматыда VI- шақырылымдағы мәслихаттың XIX сессиясы барысында қаланың 2017 жылға нақтыланған бюджеті 10,4 миллиард теңге болып қабылданды
14/08/2017 15:47 0 1043
Мәңгі емеспін, өлетін бір пендемін...
Мәңгі емеспін, өлетін бір пендемін...

Мәңгі емеспін, өлетін бір пендемін...

Мен де сендей болсам деп Мақсатпен мықты түйінем.
16/08/2017 12:29 0 576
Апаттық-құтқару қызметінің 3000-ға жуық маманы тәулік бойы жұмыс істейді
Апаттық-құтқару қызметінің 3000-ға жуық маманы тәулік бойы жұмыс істейді

Апаттық-құтқару қызметінің 3000-ға жуық маманы тәулік бойы жұмыс істейді

Таукен және көмір саласындағы «ІV этапты таукен-құтқару бойынша көпсайысты жарыс» өтеді
Аудио тыңдау
16/08/2017 15:19 0 145
Елордалық оқушылар ҚХР-да өткен олимпиадада 4 алтын медаль ұтты
Елордалық оқушылар ҚХР-да өткен олимпиадада 4 алтын медаль ұтты

Елордалық оқушылар ҚХР-да өткен олимпиадада 4 алтын медаль ұтты

Олимпиадаға Қытай, Индонезия, Филиппин, Сингапур және Қазақстан елдерінен 345 жас математик қатысты.
16/08/2017 16:19 0 464
Қ. Әбдірахманов Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті
Қ. Әбдірахманов Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Қ. Әбдірахманов Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін шешті.
17/08/2017 08:24 0 294
Сауд Арабиясында ханзада Бандар бен Фахд қаза тапты
Сауд Арабиясында ханзада Бандар бен Фахд қаза тапты

Сауд Арабиясында ханзада Бандар бен Фахд қаза тапты

Жергілікті агенттіктің хабарлауынша, жерлеу рәсімі бейсенбі, 17 тамызда Эр-Риядта өтеді.
17/08/2017 08:35 0 442
Сүндет Байғожин: Ең беделді вокалдық конкурс елімізде тұңғыш рет өткізілді
Сүндет Байғожин: Ең беделді вокалдық конкурс елімізде тұңғыш рет өткізілді

Сүндет Байғожин: Ең беделді вокалдық конкурс елімізде тұңғыш рет өткізілді

Осындай ауқымды мәдени іс-шаралар мемлекетіміздің имиджін көтеріп, Қазақстанға келуші қонақтар санын көбейтіп жатыр", - дейді опера әншісі
17/08/2017 09:53 3 158
Жапон павильонына келушілер саны 500 мыңнан асты
Жапон павильонына келушілер саны 500 мыңнан асты

Жапон павильонына келушілер саны 500 мыңнан асты

Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі 2017 жылы 10-маусым (сенбі) мен 10-қыркүйек (жексенбі) аралығында 93 күн Астанада өтеді.
18/08/2017 10:55 3 166