• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:29:38
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2018 NEWS

«Хабар» агенттігіне жаңа басшы тағайындалды

Бұған дейін агенттікті Алмагүл Ахметжанова екі жыл басқарған болатын.

«Хабар» агенттігіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұрынғы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев «Хабар» агенттігіне басшы қызметіне тағайындалды.

Бұл уақытқа дейін агенттікті Алмагүл Ахметжанова екі жыл басқарған болатын.

Алан Әжібаев 1974 жылы 22 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1994 жылғы тамыз айынан 1995 жылғы қыркүйек айына дейін "Макс" телерадиокомпаниясында радиожүргізуші болып жұмыс істеген. 1995 жылғы қыркүйектен 1997 жылғы тамыз айына дейін "31 арна" телерадиокомпанияда теле-радиожүргізуші болып қызмет етті. 1997 жылғы қыркүйек айынан бастап 1998 жылғы қыркүйек айына дейін "Телерадиокомпания "City" ЖШС бағдарламалық директоры болды. 1999 жылғы ақпаннан 1999 жылғы қыркүйек айына дейін "Караван радиосының" директоры. Кейінірек жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

2008 жылғы ақпан айынан бастап 2010 жылғы қаңтарға дейін "Таң" Телерадиокомпаниясы" ЖШС-ында бас продюсер болып еңбек етті. 2009 жылғы желтоқсан айынан бастап 2012 жылғы мамыр айына дейін - "Тенгри ФМ" радиосының бас продюсері. 2012 жылғы маусым айынан 2014 жылғы қаңтар айына дейін "SKYMAX MEDIA" ЖШС бас директоры. 2014 жылдың ақпан айынан 2016 жылдың тамыз айына дейін "Айқын" және "Литер" қоғамдық-саяси газеттерінің директоры. Медианарықтағы жұмыс өтілі - 20 жыл, оның ішінде басшылық қызметте 10 жыл еңбек еткен.

2016-2008 жылдары Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар вице-министрі лауазымын атқарды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір