• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:07:13
Алматы
+35°

30 Маусым, 2018 NEWS

Украиндық суретші Назарбаевтың портретін салды

Украиндық суретші Наталья Мкртчянның жеке көрмесінде алғаш рет Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті қойылды.

Украиндық суретші Наталья Мкртчянның жеке көрмесінде алғаш рет Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті қойылды. Туынды Астананың 20 жылдығына арнайы салынған. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Наталья бүгінде қырықтан астам картинаның авторы. Және шығармаларының басым бөлігі шынайы, жанрлық картиналар мен портреттен тұрады. Шығармашыл тұлға өз жұмыстарында май және акрилді қолданады. Ал суретті табиғи зығыр материалына салады. Суретші Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін салуды бұрыннан жоспарлап жүрген. Назарбаевтың сипаттамасын толыққанды жеткізу үшін қазақ елінің көшбасшысы жайлы көптеген материалдарды іздеп, зерделеген екен.      

"Картинаны бір ай ішінде салып шықтым. Туындым Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күні мен Астана қаласының 20 жылдығына арналады. Украиндық ретінде екі ел арасындағы қатынасты нығайту үшін өз үлесімді қосқым келді. Болашақта Қазақстан жайлы бірнене шығарманы салу ойымда бар. Және оны міндетті түрде көрмеге қоятын боламын. Осы орайды өзара ынтымақтастығымыз арта берсін дегім келеді", - деді суретші, Н.Назарбаев портретінің авторы Наталья Мкртчян.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір