• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:28:11
+35°

14 Қазан, 2017 NEWS

Украинаның Хмельницкий қаласындағы мектептерде енді орыс тілі оқытылмайды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

«Дүйсенбіден бастап Хмельницкийде орыс тілін оқытатын бірде-бір мектеп және сынып болмайды»,-делінген мәлемдемеде. Басқа мәліметтер көрсетілмеген. Хмельницкий қалалық кеңесінің білім беру департаментінде қала мектептерінде орыс тілі оқытылмайтынын растады.

«Хмельницкийде жалпы білім беретін мекемелерде орыс тілін оқытудан бас тартқандығымызды растаймын. Шынында да бұл қала басшысының ұстанымы болды. Әрі ата-аналардың да қалауы, олар бұны тиісті өтінішпен растады», - деген директор департаменті Роман Мыколаив.

Сонымен қатар ол орыс тілін оқытпау туралы шешім қалалық кеңесте дауыс беру жолымен емес, департамент қабылдағанын айтты. Мыколаив орыс тілін тек ата-аналар талап еткенде ғана оқытатынын айтқан, бірақ екі жағдайда ғана.

«Тек орыс тілін ғана емес, ром, венгр тілін оқығысы келетіндер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда олар өтініш жаза алады. Сонымен қатар лайықты кадр болуы және келіп түскен өтініш 12 оқушыдан кем болмауы керек. Мұндай жағдайда өтінішті орындаймыз. Бізде орыс тілінен факультативтер бар. Бірақ оларды да алып тастау қажет деп ойлаймыз», - деді Мыколаив.

Мыколаивтің пікірінше, орыс тілін оқытпау оқушылардың құқықтарын шектемейді, «керісінше орыс тілінің кесірінен болып жатқан босаңсудан құтылып, Украина мемлекетінің нығаюына көмектеседі». Оның пікірінше, оқушылар орыс классиктерін түпнұсқада оқи алады, өйткені телевидение мен радионың басым көпшілігі орыс тілінде хабар таратады. Басылымның мәліметінше, Хмельницкийде жалпы 41 мектеп бар.

Қыркүйек айында Украина президенті елдегі аз ұлттың тілінде білім беруді қысқарту туралы Заңға қол қойған болатын. Ол 28 қыркүйектен бастап күшіне енді. Бұл заң кезең-кезеңімен 2020 жылға дейін қолданысқа енетін болады. Бірнеше елдің үкіметтерінде, соның ішінде Венгрия мен Румынияда  заң Украинадағы аз ұлттың құқықтарын бұзатыны айтылды. Мәскеу де білім беру туралы заң Киевтің конституциясы мен халықаралық міндеттемелерін бұзады деп санайды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір